5.3 C
Шымкент
Пятница, 22 ноября, 2024
Smarttop.kz

Полицейлер «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет қалыптастыру» бойынша дәріске қатысты

Жемқорлық — мемлекеттік басқару құрылымындағы лауазымды қызметкерлердің өздеріне тапсырылған қызмет мүмкіндіктерін жеке бастарының пайдасы не мүддесі үшін пайдалану мақсатында қоғамға қауіпті қылмыстық іс-әрекеттер. Онымен күресу, алдын алу барысында Созақ ауданы полиция бөлімінің мәжіліс залында жеке құрам қызметкерлерімен ауқымды шара өтті. Яғни ауданның Құрметті азаматы, сайлау комиссиясының төраға орынбасары Мыңжасар Асқаров полицейлермен кездесті. Шараның мақсаты – жемқорлықты болдырмау, алдын алу бойынша түсіндірме жұмыстарын жүргізу. Яғни, жиында тәртіп сақшыларына «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет қалыптастыру» тақырыбында дәріс өткізілді. Заң талабы аясында парақорлыққа қарсы іс-әрекеттердің алдын алу бойынша тиісті жұмыстардың жүргізілуі айтылды. Кездесуге келгендер тақырып аясында ойларын ортаға салып, өздерінің ұсыныс-пікірлерімен бөлісті. Сонымен қатар, сыбайлас-жемқорлықтың зардабы туралы және бұған қарсы атқарылған жұмыстар сараланды. Шара соңында сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес шараларын күшейту мақсатында алдағы уақытта атқарылатын жұмыстарға жоспар құрылып, нақты міндеттер қойылды.

Ұқсас ақпараттар

БІРЫҢҒАЙ ҚАБЫЛДАУ КҮНІ ӨТУДЕ

smarttop

Бірлігі бекем Шымқала!

smarttop

Қасым-Жомарт Тоқаев «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ басқарма төрағасы Мағзұм Мырзағалиевті қабылдады

smarttop

Пікір қалдыру