16.3 C
Шымкент
Пятница, 20 сентября, 2024
Smarttop.kz

АРДАГЕРЛЕРМЕН АЗ ҚАМТЫЛҒАН ОТБАСЫЛАРҒА ӘЛЕУМЕТТІК КӨМЕК КӨРСЕТУ

Шымкент қаласы бойынша зейнеткерлер саны – 85 791 (оның ішінде ҰОС ардагерлер саны – 3, тыл еңбеккерлері – 2 332)                (2021 ж. – 82 351).

Көп балалы аналар саны – 56 501 (2021 ж. – 49 282), оның ішінде «Алтын алқа», «Күміс алқа» белгілерімен марапатталғандар –              11 418 (2021 ж. – 10 653).Ал, мүмкіндігі шектеулі азаматтар өзінің электрондық қолтаңбасын (ЭЦҚ) пайдалана отырып, әлеуметтік қызметтер порталы арқылы қажетті құралдар мен қызметтерге тапсырыс бере алатынын айтты. Портал арқылы жыл басынан бері 55 құрал түрі мен 3 қызмет түрі бойынша тапсырыс түскен. Нәтижесінде 27 663 арнайы құрал берілді. Осы жылы протездік-ортопедиялық көмекке және техникалық көмекші құралдармен -5865, сурдотехникалық көмекпен-780, тифлотехникалық көмекпен-1613, санаторлық-курортық емдеу бойынша — 3 725, жеке көмекшінің қызметтерімен-1 564 адам, ымдау тілі мамандарының қызметімен -560, міндетті-гигиеналық құралдарымен-10 643 адам қамтамасыз етіледі деп күтілуде.«Біріншіден, жыл сайын зейнетақы және өзге де әлеуметтік төлемдер көлемі ұлғаюда. Азаматтардың 20 санатына (соғысқа қатысушылар, тыл еңбеккерлері, ақталған азаматтар және т.б.) өзге де әлеуметтік төлемдерге қарамастан арнаулы мемлекеттік жәрдемақы төлеу жүзеге асырылады.

Жоғарыдағы азаматтарға мереке мен атаулы күндерге арналған бір реттік және ай сайынғы көмек көрсетіледі.

Басқарма негізінен 5 бағытта жұмыс жасайды

— Халықты жұмыспен қамту;

— Ардагерлер мен аз қамтамасыз етілген азаматтарды әлеуметтік қолдау;

— Мүмкіндігі шектеулі азаматтарға әлеуметтік қолдау көрсету;

— Азаматтық құқықтық актілерін тіркеу;

— Көші-қон мәселесі және қандастармен жұмыс жасау.

Басқармаға қарасты 14 коммуналдық мемлекеттік мекеме қызмет атқарады.

Ұқсас ақпараттар

ІШКІ ОРАМ КӨШЕЛЕРІ ҚАЛЫПҚА КЕЛТІРІЛУДЕ

smarttop

КӨКБҰЛАҚ ЕЛДІ МЕКЕНІНЕ ТАБИҒИ ГАЗ ҚОСЫЛДЫ

smarttop

ҮЛЕСКЕРЛЕРДІҢ ҚАРАЖАТЫН ҚАБЫЛДАУҒА РҰҚСАТ БЕРІЛГЕН ҚҰРЫЛЫС ҰЙЫМДАРЫНЫҢ ТІЗІМІ

smarttop

Пікір қалдыру