4.3 C
Шымкент
Пятница, 22 ноября, 2024
Smarttop.kz

Түркістан облысында 300-ге тарта шетелдік көлік уақытша тіркеуге алынды

Өздеріңізге белгілі, елімізге шетелден әкелінген көліктерді тіркеп, қазақстандық нөмір беру бағытында бір реттік акция өткізілді. Ал Түркістан облысында 2022 жылдың 1 қыркүйегіне дейін елімізге әкелінген және қолданыстағы заңнамаға сәйкес тіркелмеген шетелдік көліктерді заңдастыруды жүргізу туралы тапсырма сапалы орындады. Яғни 2023 жылдың 30 шілдесіне дейін Қазақстан Республикасының мемлекеттік тіркеу нөмерін алуға 19231 өтініш түсті. Оның ішінде 10615 автокөлік құралы тіркеліп заңдастырылды. Ал 8616 автокөлік құралы заңдастырудан бас тартылды.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысына сәйкес, еліміздің аумағына конструкторлық жолмен бөлшектеніп әкелінген шетелдік 250 автокөлік тіркеліп рәсімделді.

Осы ретте Түркістан облысы ПД Әкімшілік полиция басқармасының бастығы полиция полковнигі Алмасхан Тастанбеков, «Шетелдік көліктерді уақытша тіркеу туралы» енгізілген өзгерістердің тәртібін түсіндіріп, БАҚ-қа мәлімдеме жасады.

Полиция полковнигі А.Тастанбеков: «Еуразиялық экономикалық одақ елдерінен әкелінген және заңдастырудан өтпеген (іздестірілгендерді қоспағанда) автомобильдерді мемлекеттік тіркеу жөніндегі жұмысты көрсетілген мерзім өткеннен кейін кері әкету немесе бастапқы тіркеуден өту туралы міндеттеме қойылды. Яғни 5 жыл мерзімге уақытша есепке алу рәсімі енгізіліп, облысымызда осы бойынша жалпы 297 өтініш түсті. Оның ішінде 289 автокөлік құралы уақытша тіркеуге алынып, 8 көлік құралы уақытша тіркеуден бас тартылды» -деп атап өтті.

Өз кезегінде полицейлер заң бұзушылықтарға жол бермеу мақсатында, көлік құралдарын заңдастыру кезінде заңдылықты сақтау мәселелері қатаң бақылауда тұрғандығын ескертеді.

Ұқсас ақпараттар

ТӘУЕЛСІЗДІК МЕРЕКЕСІ ҚҰТТЫ БОЛСЫН!

smarttop

ҚАЛА АКТИВІНЕ ПОЛИЦИЯ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ БАСТЫҒЫ ТАНЫСТЫРЫЛДЫ

smarttop

МЕРЗІМДІ ӘСКЕРИ ҚЫЗМЕТ КЕЗЕҢІНДЕ ЖАУЫНГЕРЛІК ДАЯРЛЫҚТА ТӘРТІПТІ ЖӘНЕ ЖОҒАРЫ НӘТИЖЕЛЕРГЕ ҚОЛ ЖЕТКІЗГЕН ЖЕКЕЛЕГЕН ӘСКЕРИ ҚЫЗМЕТШІЛЕРГЕ ЖОО ГРАНТЫ ЕСЕБІНЕН ТЕГІН ЖОҒАРЫ БІЛІМ АЛУ МҮМКІНДІГІ БЕРІЛЕТІН БОЛАДЫ

smarttop

Пікір қалдыру