24.3 C
Шымкент
Четверг, 24 июля, 2025
Smarttop.kz

Түркістан облысының полицейлері діни қызметке қатысты заңды бұзғаны үшін жергілікті тұрғынды жауапқа тартты

ҚР ІІМ-нің 2022 жылға арналған кешенді жоспарын іске асыру бойынша Түркістан облысы ПД Экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері әлеуметтік желілерге мониторинг жүргізді. Яғни түркістандық полицейлер жедел-профилактикалық іс-шара өткізу кезінде, «Ватцап» мессенджерінде діни сипаттағы сабақтар өткізу туралы хабарландырудың жарияланғанын анықтады.
Тексеру барысында полицейлер бұл «бизнес-аккаунт» діни бағыттағы онлайн-оқыту жүргізетін Кентау қаласының тұрғынына тиесілі екенін, оның заңсыз миссионерлік қызметпен айналысатынын білді.
Аталған жайт ҚР ӘҚБтК-нің 490-бабымен «Қазақстан Республикасының Діни қызмет және діни бірлестіктер туралы заңнамасын бұзу» тіркеліп, әкімшілік хаттама толтырылды. Тәртіп бұзушыны әкімшілік жауапкершілікке тарту үшін жинақталған іс құжаттар Кентау қалалық сотына жолданды.
Жалпы жыл басынан бері Түркістан облысы ПД Экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасының қырағы қызметкерлерімен деструктивті діни ағымдардың жақтаушыларына қатысты 375 әкімшілік хаттама толтырылса, оның 10-ы діни сипаттағы құқықбұзушылықтар. Анықталғандарға әкімшілік айыппұл салынып, жауапкершілігі қаралған.
Өз кезегінде Түркістан облысының полицейлері азаматтарды Қазақстан Республикасының заңнамасын сақтауға шақырады. Егер де, сіз, осыған ұқсас құқықбұзушылық туралы қандай да бір ақпарат білсеңіз, дереу полицияның 102 нөміріне хабарласыңыз.

Ұқсас ақпараттар

«ТАССАЙ» ИНДУСТРИЯЛЫҚ АЙМАҒЫНДА 4 ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ЖОБАНЫ ІСКЕ ҚОСУ ЖОСПАРЛАНУДА

smarttop

ӨТКЕН ЖЫЛЫ ТУРИЗМ САЛАСЫНА 23,МЛРД ТЕҢГЕ ИНВЕСТИЦИЯ ТАРТЫЛҒАН

smarttop

«ШЫМКЕНТ ПАЛАУЫ -2022» ФЕСТИВАЛІНЕ 41 АСПАЗ ҚАТЫСТЫ

smarttop

Пікір қалдыру