18.3 C
Шымкент
Воскресенье, 11 мая, 2025
Smarttop.kz

ЖАРЫЛЫСТАН ЗАҚЫМДАНҒАН ҮЙ ҚАЛПЫНА КЕЛТІРІЛУДЕ

Шымкент қаласында өткен аптада орын алған жарылыстан зардап шеккен үйді қалпына келтіру жұмыстары басталды. «Фарм Синтез» ЖШС мен BI Group құрылыс компаниясы арасындағы келісім бойынша әзірге А.Сасбуқаев бойында орналасқан №32А үйдің шатырына (400 м2) жөндеу жұмыстары жүргізілуде.

Сонымен бірге, жарылыстың салдарынан болған үйінділер тазартылып, құрылыс қалдықтары шығарылды. Газ беру жолы қалпына келтіріліп, барлық пәтерлер мен коммерциялық нысандарға көгілдір отын берілді.

Жарылыс салдарынан 130 шаршы метр аумақта ғимараттың ішінара құлауы орын алды. Сондай-ақ 5 қабатты тұрғын үйдегі 11 пәтердің терезесі мен сол пәтерлердің бірнешеуінде ішкі және сыртқы қабырғаларына, 1 гаражға зақым келген. Бұдан бөлек, 11 жеңіл автокөліктің терезелері сынған.

Пәтерлерді тексеріп, залалды бағалау жұмыстары жүргізілді.

Ұқсас ақпараттар

БОЗАРЫҚТА ИНФРАҚҰРЫЛЫМ ЖҮЙЕЛЕРІ ДАМУДА

smarttop

ШЫМКЕНТ:ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙЛАР ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ БАСТЫҒЫ 21 МАМЫР КҮНІ ОРЫН АЛҒАН ЖАРЫЛЫСҚА БАЙЛАНЫСТЫ ШҰҒЫЛ БРИФИНГ БЕРДІ

smarttop

«НҰРЛЫ КӨШ» ПИЛОТТЫҚ БАҒДАРЛАМАСЫ АЯСЫНДАҒЫ БАСПАНАЛАРДЫ БАНК АРҚЫЛЫ НЕСИЕЛІК НЕГІЗДЕ РӘСІМДЕУЛЕР ЖҮРГІЗІЛУДЕ

smarttop

Пікір қалдыру