20.3 C
Шымкент
Среда, 30 апреля, 2025
Smarttop.kz

Полицейлер үйінде есірткі сақтаған тұрғындарды анықтады

Түркістан облысы ПД Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері сатуға, сақтауға, егіп өсіруге, қолдануға заңмен тыйым салынған есірткі қылмысының алдын алу, болдырмау мақсатында тұрақты түрде жұмыс жүргізіп келеді. Осындай кезекті тексеріс кезінде Сайрам аудандық полиция басқармасының қызметкерлеріне 2 жергілікті тұрғынның есірткіні заңсыз сақтаумен айналысатыны туралы хабарлама келіп түсті.
Ақпарат алысымен жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізген Сайрам АПБ-ның полиция қызметкерлері есірткі қылмысына күдікті ретінде аталмыш жергілікті 2 тұрғынды анықтады. Жедел уәкілдер ұсталған ер адамның бірінің тұрғылықты мекенжайына тінту жүргізді. Нәтижесінде оның көйлегінің төс қалтасынан және үйінің ауласындағы қапшық ішінде газетке оралған өсімдік тектес есірткіге ұқсас затты тауып алып, тәркіледі. Сараптамаға сәйкес алынған есірткі заттары жалпы салмағы 8 грамға жуық «кептірілген марихуана» болып шықты. Ал екінші тұрғынның үйін тінту кезінде оның қорасынан қағазға оралған есірткіге ұқсас зат табылды. Тағайындалған сараптама қорытындысымен алынған зат 60 грамға жуық «кептірілген марихуана» болып шықты. Қазіргі таңда аталған жайттар СДТБТ-ға ҚР ҚК 297-бабы «Есірткі құралдарын, психотроптық заттарды, сол тектестерді өткізу мақсатында заңсыз дайындау, қайта өңдеу, сатып алу, сақтау, тасымалдау, жөнелту немесе өткізу» бойынша тіркелді. Түркістан облысының полицейлері есірткінің заңсыз айналымы мен таралуына байланысты қылмыс жасағаны үшін қылмыстық жауапкершілік қарастырылғанын ескертеді. Егер де, сіз, осындай қылмыстардың куәгері болсаңыз немесе есірткі құралдарын заңсыз сақтау және өткізу деректері туралы қандай да бір ақпаратты білсеңіз, тез арада полицияға хабарласыңыз.

Ұқсас ақпараттар

ДЕПАРТАМЕНТ 2022 ЖЫЛЫ 96 ӘКІМШІЛІК ҚҰҚЫҚ БҰЗУШЫЛЫҚ ІС ҚОЗҒАДЫ

smarttop

Шалбарының қалтасына есірткі жасырған күдікті ұсталды

smarttop

ШАҺАР БАСШЫСЫ БІЛІМ НЫСАНДАРЫН АРАЛАДЫ

smarttop

Пікір қалдыру