Еліміздің «Бейбітшілік және келісім» қайырымдылық қоры ұйымдастырған «ЕУРОПА-АЗИЯ» ХАЛЫҚАРАЛЫҚ БЕЙБІТШІЛІК ПЕН КЕЛІСІМ ШЕРУІ» Шымкент қаласына жетті. Дәстүрлі шеру биыл 16-шы рет өтуде.
Достық пен татулықты, бейбітшілік пен келісімді дәріптеген іс-шара Ордабасы алаңынан басталып, Абай саябағында жалғасты. Топ жетекшісі Руслан Абдуллин Шымкент қаласы зор қошеметпен қарсы алғанын атап өтіп, шаhардың одан әрі өсіп-өркендей беруіне тілектестігін жеткізді. Қоғамдағы бірлік пен ынтымақты сақтаудың жарқын үлгісін паш еткен ауқымды шарада өңірлік этномәдени бірлестіктердің өкілдері концерт қойып, патриоттық, ұлттық әндер шырқады.
Біздің мақсатымыз – бірлік пен бейбітшілікті дәріптеу. Барған барлық қалада бізді ойдағыдай қарсы алып жатыр. «Біздің басты міндетіміз — дінаралық диалог тұжырымдамасын әзірлеуде бастамышылдық таныту болып табылады. Мұнан соң Достық үйінің мәжіліс залында «Еуропа-Азия» Халықаралық Бейбітшілік және келісім маршының делегаттары жергілікті БАҚ өкілдеріне баспасөз конференциясын өткізді.
Шерудің алғашқы этапы аяқталғаннан кейін келесі сапарға дайындаламыз. Еуропа мен Азияның елдерін аралау жоспарда барекенін жеткізді. Үш елдің, яғни Қазақстан, Қырғызстан және Ресейдің 16 қаласын аралауға ниетті жандар көне шаһардың көрікті жерлерін аралап, өлкеміздің тарихымен танысты. Айта кетейік, халықаралық шерудің бірінші кезеңі 4 тамызға дейін жалғасады. Ал екінші кезеңі Еуропа, Азия елдерінің 18 мемлекетін қамтитын болады. Бағыт 17 елдің аумағын қамтиды деп жоспарланып отыр. Онда әр елдің ту шеруі жоспарланған және дінаралық диалогтың жаңа тұжырымдамасы ұсынылады. Қазақстаннан 30 адам шеруге қатысады деп жоспарланған. «Еуропа-Азия» халықаралық бейбітшілік және келісім шеруі шілденің соңында Владикавказда аяқталады. Бұл шеруге қатысушылар Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан және Башқұртстан Республикаларының азаматтарынан құралған.
Іс-шара Шымкент қалалық мәдениет үйі өнерпаздарының концертіне ұласты.
Халықаралық бейбітшілік пен келісім шеруі 1 шілдеде Нұр-Сұлтан қаласынан басталды. Бүгінгі дейін Қарағанды, Алматы, Бішкек, Тараз қаласында болды. Топ мүшелері ұлтына, дініне қарамай, адамдарды бірлік, ынтымаққа шақыруды мақсат еткен. Шеру Шымкенттен әрі қарай Түркістан қаласына аттанады. Келешекте Еуропа қалаларын аралау жоспары бар.
Шымкент келбеті