0.3 C
Шымкент
Воскресенье, 24 ноября, 2024
Smarttop.kz

Түркістан облысының полицейлерімен жыл басынан бері заңсыз айналымнан 130 келіге жуық есірткі заты тәркіленді

Түркістан облысының полицейлерімен есірткі қылмысына тосқауыл қою мақсатында жүйелі жұмыстар жасалып келеді. Мәселен 2022 жылдың 5 айында Түркістан облысы ПД Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлерімен 185 дерек пен 123 есірткі теріс қылықтары тіркелген. Оның ішінде есірткі контрабандасы-11, есірткі сату-24, аса ірі көлемде есірткі сақтау бойынша 9 жайт анықталған. Сондай-ақ 17 есірткі өсімдігін егу деректері ашылып отыр. Облыс сақшылары есірткі заттарын жарнамалау, насихаттау бойынша 1 деректі анықтады. Ғаламтор желісінде есірткіні насихаттайтын құқыққа қарсы контентті анықтау және мониторингілеу кезінде 143 «наркосайтты» анықтап, барлығына шектеу қойылды.

Бұдан бөлек Түркістан облысы ПД Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасы қызметкерлерінің ұйымдастыруымен саябақтарға, аялдамаларға, мектептер мен ауруханаларға және т.б. қоғамдық орындарға «Есірткіге жол жоқ» және «Балаларыңызды есірткіден қорғаңыз» тақырыбында түсіндірме құралы ретінде дайындалған плакат жапсырмалары қабырғалар мен хабарландырулар тақтайшаларға жабыстырылды. Есірткі және нашақорлыққа қарсы барлығы 35 000 жуық оқушы мен студент жастар қатысқан 44 профилактикалық іс-шара өткізілді. Оның ішінде 2 акция, 3 семинар, 25 лекция, 3 дөңгелек үстел, 4 кездесулер, 1 спорттық жарыс (марафон) және басқа да 6 іс-шаралар бар.

Мысалы 26 маусым Нашақорлыққа қарсы күрес күніне орай 30 күнге жоспарланған шаралар бастау алды. Оның ішінде ауқымды «Есірткісіз болашақ» акциясы, таңғы жаттығулар, велосипедшілер шеруі, полицейлердің жауынгерлік дайындығы, жастардың спорттық өнерлері, бірыңғай флешмоб өткізілді. Мемлекеттік қызметшілер мен құқық қорғау саласының қызметкерлері арасында марафон ұйымдастырылды. Одан бөлек маусым айының 1-інен бастап «Қарасора-2022» атты кең ауқымды республикалық жедел-профилактикалық іс-шарасы басталды. Бұл бойынша тәртіп сақшыларымен қыруар жұмыстар атқарылуда. Оның ішінде есірткі қылмыстарын болдырмау және алдын алу мақсатында рейдтер ұйымдастыру, қажетті мамандар, соңғы үлгідегі техникалар мен қызметтік-іздестіру иттерін жұмылдыру, жалпы қылмыстың жолын кесуге бағытталған жедел шаралар және жас буын өкілдерімен болатын кездесулер мен семинарларды атап өтсек болады.

Облыс полицейлері психикаға тікелей әсер етіп, одан әрі адам ағзасын құртып жіберуге әкелетін есірткі заттарына мүлдем жоламауды ескертеді. Егер заңмен тыйым салынған есірткіге қатысты қандай да бір қылмыс жасаған болсаңыз, қылмыстық кодекске сәйкес заң алдында ең ауыр қылмыстық жауапкершілікке тартылатыныңызды ұмытпаңыз.

Ұқсас ақпараттар

ШЫМКЕНТ ӘКІМІ ТАЙЛАНД КОРОЛЬДІГІНІҢ ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ЕЛШІСІМЕН КЕЗДЕСТІ

smarttop

ҚАУІПСІЗДІК ҮШІН ТҰРАН ТҰРҒЫН АЛАБЫНА БЕЙНЕ-КАМЕРА ОРНАТЫЛДЫ

smarttop

Түркістан облысында мемлекет пайдасына 102 миллион теңгеден астам кіріс түсті

smarttop

Пікір қалдыру