3.3 C
Шымкент
Пятница, 22 ноября, 2024
Smarttop.kz

Полицейлер «Отбасындағы зорлық-зомбылыққа жол жоқ!» акциясы аясында тұрғынның арыз-шағымын қабылдады

Әйелдерге қатысты кемсітушіліктің нысандарын жою бойынша зорлық-зомбылыққа қарсы акциялар жүйелі түрде жүргізіліп келеді. Отбасындағы түрлі кикілжіңдер мен түсініспеушіліктер адамның психологиясына әсер етеді. Бұл ретте полиция қызметкерлері осындай зорлық-зомбылықтың алдын алу, оларды болдырмау, болған жағдайда тиісті шаралар қолдану керектігі жайлы түсіндірме жұмыстарын жүргізуде.

Мәселен, Төлеби аудандық полиция бөлімінің полиция капитаны Ақмарал Боташева мен полиция майоры Садат Асанова, әлеуметтік-психологиялық сүйемелдеу секторы қызметінің қызметкері Ердос Байсариевпен бірге орталық базарға барып, тұрғындармен кездесті. Тиісті мамандар зорлық-зомбылыққа ұшыраған жағдайда не істеу керектігі жайлы түсіндірме жұмыстарын жүргізіп, олардың сауалдарына жауап берді. Тәртіп сақшылары жергілікті тұрғындарға зорлық-зомбылыққа ұшыраған жағдайда олардың құқықтары қорғалатындығын ескертті. Қолдау білдіру үшін арнайы ұйым барын, сонымен қатар оларға психологиялық көмек ұсынылатындығы айтылды.

Осы шарадан соң аудандық полиция бөліміне 35 жастағы әйел көмек сұрап келген. Оның айтуынша, заңды некедегі күйеуі үнемі жанжал шығарып, келіспеушілік туындағанда қол көтереді. Сонымен қатар, ол күйеуінің атынан арыз түсіруден бас тартып, алайда күйеуінен қорғауды сұраған. Өтініш айта келген тұрғынға полиция қызметкерлері құқықтық көмек көрсетіп, заң шеңберінде оның құқығын түсіндірді. Және де полицейлер аталған ер азаматты профилактикалық есепке алып, онымен 30 күн бойы іс-шара жүргізетін болды. Яғни, құқық бұзушы қорғау нұсқамасын бұзған жағдайда тиісті жауапкершілікке тартылады.

Полиция қызметкерлері әр тұлға өзінің құқығын қорғай алатындығын тұрғындардың есіне салады. Барлығы заң аясында шешіліп, құқық бұзған әр тұлға жауапкершілікке тартылады. Сондықтан құқығымызды қорғай білейік!

Ұқсас ақпараттар

ВНИМАНИЮ ЖИТЕЛЕЙ ГОРОДА ШЫМКЕНТ

smarttop

Полицейлер мереке қарсаңында күрді халқының шаңырағында болды

smarttop

Еңбектері адал жандар, міне, осы азаматтар!

smarttop

Пікір қалдыру