4.3 C
Шымкент
Пятница, 22 ноября, 2024
Smarttop.kz

ГАЗДАН УЛАНУДЫҢ АЛДЫН АЛУ БОЙЫНША ТҮСІНДІРУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖАЛҒАСУДА

Шымкент қаласының қалалық орта сапасы және бақылау басқармасының ұйымдастыруымен Абай ауданы әкімдігі, Абай ауданы төтенше жағдайлар басқармасы және Жастар ресурстық орталығының еріктілерімен бірлесіп, «Самал» сауда орталығында сатушылар мен келушілер арасында газдан уланудың алдын алу бойынша түсіндірме жұмыстарын жүргізілді.
Сала мамандары қала тұрғындарының денсаулығының қауіпсіздігі және газды пайдалану кезіндегі ережелерді сақтау бойынша үнпарақтар таратты.
–Қалада жылыту маусымы кезінде газдан улану жағдайлары көптеп тіркелген. Жылыту маусымы тоқтағанымен газдан уланған адамдар азаймай тұр. Газға байланысты қауіпсіздік талаптарын сақтамай, немқұрайлы қарау өлімге алып келеді. Шымкент қаласында 13 тұтынушы мекеме бар. Олар үй ішіндегі техникалық қауіпсіздіктерді сақтауын қамтамасыз етеді. ҚР газ және газбен жабдықтау жүйесі 19 бабының 1тармағына сәйкес, газ тұтыну жүйелерінің және газ жабдығының иелері, олардың тиісті техникалық жан-күйін және қауіпсіздігін қамтамасыз етуге міндетті,- деді Шымкент қаласының қалалық орта сапасы және бақылау басқармасының газ техникалық инспекция бөлімінің бас маманы-мемлекеттік инспекторы Данияр Аширалиев.
Айта кетейік, жылыту маусымы кезінде 600-ден астам газдан улану жағдайы тіркелген. Осыған байланысты «I-Shymkent» бағдарламасы іске қосылған болатын. Онда 13 мекеменің тізімі енгізілген. Сонымен қатар тұрғындар үйде отырып-ақ аталған мекемелермен келісім шартқа отыра алады.Алайда газдан уланудың көбеюіне байланысты соңғы жылдары көпқабатты үйлерде қатаң бақылауға алынып тұрғындарға ескертпелер де жасалып жүр.Тұрғындардың жауапсыздығынан немқұрайлы қарап, салғырттық танытушылар азаймай тұр. Егер де үйден,подеъзден газдың исін сезе қалсаңыздар міндетті түрде төтенше жағдайлар немесе 104-ке хабарласыңыздар. Газдан улану мен қауіпсіздіктің алдын алуда жауапты болайық.

Ұқсас ақпараттар

СТРАТЕГИЧЕСКИЕ ОБЪЕКТЫ ВОДОСНАБЖЕНИЯ И ВОДООТВЕДЕНИЯ НАМЕРЕНЫ ВЕРНУТЬ В ГОССОБСТВЕННОСТЬ В ШЫМКЕНТЕ

smarttop

БИЫЛ ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА ЖАҢА ЖЫЛУ БЕРУ МАУСЫМЫНА ДАЙЫНДЫҚ ЖҰМЫСТАРЫ ЕРТЕ БАСТАЛАДЫ

smarttop

Д.ҚОНАЕВ ДАҢҒЫЛЫ БОЙЫНША ЖҮРІСКЕ ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛДІ

smarttop

Пікір қалдыру