Әлеуметтік салада басты мақсаттардың бірі – халықты тұрақты жұмыспен қамту арқылы әлеуметтік көмекке мұқтаж азаматтардың санын азайту екенін айтқан Шымкент әкімі М.Әйтенов халықты жұмыспен қамту шараларына 57 мыңнан астам адамды қатыстыру жоспарланып отырғанын жеткізді. Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі цифрлық технологиялар азаматтарды жұмысқа орналастыруды ұйымдастырудың тиімді әрі ашық жүйесін қамтамасыз етуге мүмкіндік бергенін айтты. Халықты жұмыспен қамту орталықтарының негізгі мақсаты – азаматтар мен жұмыс берушілерге еңбек делдалдығын көрсету, жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің және жұмыссыздықтан әлеуметтік қорғаудың белсенді шараларын жүзеге асыру. Жұмыссыз азаматтарға, бірінші кезекте жастарға еңбек нарығында өз орнын та¬бу¬ға қолдау ретінде бағдарламада кәсіптік оқытудың бірқатар түрлері қарастырылған. Жыл аяғына дейін жаңа кәсіптерді, дағды¬лар¬ды игеремін деген 100 мыңнан астам жұмыс¬сыз азаматтарға осындай мүмкіндік беріледі.
Жұмыссыздыққа қатысты әлеуметтік қорғау шараларының бірі – мемлекет тарапынан субсидияланатын жұмыс орындары. Әлеуметтік жұмыс орындары, жастар практикасы, қоғамдық жұмыстар бір жылға дейін жұмыспен қамтуға, жас түлектерге алғашқы кәсіби тәжірибе алуға мүмкіндік береді.
Осы жылы 5 айда 22 мыңнан астам адам қамтылды. Жобаны қаржыландыру үшін бюджеттен 7,2 млрд.теңге қарастырылған.
«Тең қоғам» орталығында 1900 мүмкіндігі шектеулі азаматтарға құқықтық және психологиялық көмек көрсетілді. Мүгедектігі бар азаматтарды қолдау үшін бюджеттен – 4,5 млрд. теңге қаржы қарастырылды (2021 ж. 3,7 млрд.т).
«Бақытты жанұя» орталығында 7062 көпбалалы аналарға әлеуметтік қолдау көрсетілді. Көп балалы жанұяларға әлеуметтік қолдау көрсету арқылы оларға да қаражат бөлінеді.