13.3 C
Шымкент
Пятница, 20 сентября, 2024
Smarttop.kz

СЕНАТ ДЕПУТАТЫ ШЫМКЕНТТЕГІ «ТЕҢ ҚОҒАМ» ОРТАЛЫҒЫНЫҢ ЖҰМЫСЫМЕН ТАНЫСТЫ

Бүгін ҚР Парламенті Сенатының депутаты Ләззат Қалтаева Шымкент қаласындағы «Тең қоғам» әлеуметтік қолдау орталығының жұмысымен танысты.

«Тең қоғам» әлеуметтік қолдау орталығы «бір терезе» қағидасымен 5 бағытта қызмет көрсетеді. Мұнда дәрігер мен психолог жұмыс істейді. Мүмкіндігі шектеулі азаматтарды жұмысқа орналастыруға баса назар аударылған.

Сондай-ақ, бұл жерде мүмкіндігі шектеулі азаматтар әлеуметтік порталдың қызметін өз бетінше алуды үйренуіне болады. «Тең қоғам» қолдау орталығы  мемлекеттік деңгейде  әлеуметтік қолдау орталығы болып, мүмкіндігі шектеулі  азаматтарға көмек көрсету және олардың  денсаулықтарының жақсы болған көру басты мақсат. Дәрігерлер мен психологтардың жұмысы ең қиыны олардың қызметтерінде халықтың жанашыры болып оларды қарау болып тұр.

—Мүмкіндігі шектеулі азаматтарға қолдау көрсету – мемлекеттің әлеуметтік саясатының басым бағыттарының бірі. Бүгінде мемлекеттік жәрдемақымен қоса медициналық оңалту және ем түрлері көрсетіледі. Әлеуметтік портал арқылы көмекші құралдармен толық қамтамасыз етілуде. Оған қоса Парламентте мүмкіндігі шектеулі азаматтарды қорғауға бағытталған заңнаманы желтілдіру бойынша ауқымды жұмыс жүргізілуде. Сессияаралық демалыс кезінде осы жұмыстың нәтижесі қалай болып жатқанын көру үшін өңірлерді аралап жатырмыз, — деді сенатор.

Айта кетейік, халық қалаулысы қаладағы әлеуметтік қамсыздандыру, мүмкіндігі шектеулі азаматтардың өзекті сұрақтары және оларды шешу жолдары, әлеуметтік мәселелерлерді талқылауға арналған дөңгелек үстел мәжілісіне қатысты.

ҚР Парламенті Сенатының депутаты Ләззат Қалтаева мегаполистегі  «Тең қоғам» әлеуметтік қолдау орталығының жұмысымен танысты.  Халық қалаулысы ерекше жандар үшін көрсетілетін көмекке аса назар аударды.  Әсіресе, олардың қоғамдағы орны мен жұмысқа орналасуына ықпал жасау керектігін жеткізді.

 

 

Ұқсас ақпараттар

«БАСТАУ БИЗНЕС» ЖОБАСЫНА ОҚЫТУ НАУРЫЗДЫҢ СОҢЫНДА БАСТАЛАДЫ

smarttop

ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫ ДЕНЕ ШЫНЫҚТЫРУ ЖӘНЕ СПОРТ БАСҚАРМАСЫ Б.ТҰМАНБАЕВТЫҢ БАЯНДАМАСЫ

smarttop

400 АЕК КӨЛЕМІНДЕГІ МЕМЛЕКЕТТІК ГРАНТҚА ӨТІНІМ БЕРУ 8 ТАМЫЗДАН БАСТАЛАДЫ

smarttop

Пікір қалдыру