5.3 C
Шымкент
Четверг, 21 ноября, 2024
Smarttop.kz

Сайрамдық сақшылар 10-нан астам қару иесіне шара көрді

Түркістан облысының аумағында «Қару» жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілді. Жедел-профилактикалық іс-шараның мақсаты — қарулар мен оқ-дәрілерді заңсыз айналымнан алу, оларды сатып алу және заңсыз айналымға түсу көздерін анықтау, сондай-ақ қару иелерінің оларды сақтау тәртібін тексеру. Мәселен, Сайрам аудандық полиция басқармасының полицейлері аудан аумағында 338 қару иесін тексерді. Олардың ішінде қару сақтау ережесін бұзған 8 тұлға анықталып, оларға ҚР ӘҚБтК-нің 484-бабы 1-бөлігі «Азаматтық, қызметтік, марапаттық, коллекциялық қаруды, оның патрондарын иелену, беру, есепке алу, сақтау, пайдалану, тасымалдау, Қазақстан Республикасының аумағына әкелу, Қазақстан Республикасының аумағынан әкету және Қазақстан Республикасының аумағы арқылы транзитпен өткізу тәртібін бұзу» бойынша хаттама толтырды. Сонымен қатар рұқсат беру мерзімінің аяқталу фактісі бойынша 4 адамға ҚР ӘҚБтК-нің 486-бабы 1-бөлігімен «Азаматтық, қызметтiк, марапаттық, коллекциялық қаруды тiркеу (қайта тiркеу) не оны есепке қою тәртібін бұзуна» байланысты әкімшілік хаттама түзілді. Бұдан бөлек полиция қызметкерлері 132 мал қора мен 106 жылыжайды тексеріп, иелеріне түсіндірме жұмыстарын жүргізді.

Ұқсас ақпараттар

Шымкентте шағын несие ұйымының қызметкері жалған қарақшылық шабуыл ұйымдастырған

smarttop

ТЕМІРЛАН ТАС ЖОЛЫ БОЙЫНДАҒЫ КӘСІПКЕРЛІК НЫСАНДАРДЫҢ ҚАСБЕТІ ЖАҢАРАТЫН БОЛДЫ

smarttop

Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтеновтің Қазақстан халқының бірлігі мерекесімен құттықтауы

smarttop

Пікір қалдыру