4.3 C
Шымкент
Пятница, 22 ноября, 2024
Smarttop.kz

Полицейлер қоғамдық көлік жүргізушілеріне қатысты 1500-ге тарта құқық бұзушылықты анықтады

Түркістан облысы Полиция департаменті Жергілікті полиция қызметі басқармасының полицейлері ағымдағы жылдың 30 маусымы мен 4 шілде күндері аралығында «Автобус» жедел-профилактикалық іс-шарасын өткізуде. Негізгі мақсат — жол қауіпсіздігін сақтап, түрлі апаттардың алдын алу, жол-көлік оқиғаларын азайту, қоғамдық көлік жүргізушілері арасындағы заң бұзушылықтарды анықтау болып табылады.

«Автобус» жедел-профилактикалық іс-шарасы басталғаннан бері 4 тәулік ішінде полицейлер 1412 әкімшілік құқық бұзушылықты тіркеді, оның ішінде 6 дерек жылдамдықты арттыру және 62 жайт маневр жасау ережелерін бұзу жайттары болды. Сондай-ақ ұялы телефон қолданғаны үшін 289 жүргізуші, сақтандырусыз автокөлік жүргізгені үшін 51 жүргізуші әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Рейдтік іс-шаралар барысында полиция қызметкерлері жолаушыларды, багажды және жүктерді тасымалдау ережелерінің 216 заң бұзушылығын, 70 тиісті рұқсатсыз қайта жабдықтау дерегін, рейс алдындағы техникалық байқаудан және медициналық тексеруден өтпеген 32 жайтты анықтады. Ал айыппұл тұрағына 40 автокөлік қойылды.

Түркістан облысының полицейлері қоғамдық көлік жүргізушілерінің ҚР ЖҚЕ сақтауын қамтамасыз ету бойынша осындай жеделдетілген іс-шараларды алдағы уақытта үздіксіз жүргізе бермек.

Ұқсас ақпараттар

ТҮРКІСТАН: МӘМС ЖҮЙЕСІНІҢ МЕДИЦИНАНЫ ҚАРЖЫЛАНДЫРУЫ 1,7 ЕСЕГЕ АРТҚАН

smarttop

ШЫМКЕНТТЕ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ШАХМАТ ФЕСТИВАЛІ ӨТТІ

smarttop

КЕЗЕКТІ ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ШТАБ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ

smarttop

Пікір қалдыру