16.3 C
Шымкент
Пятница, 20 сентября, 2024
Smarttop.kz

Полицейлер қоғамдық көлік жүргізушілерге қатысты құқық бұзушылықтарды анықтауда

Түркістан облысы аумағында полиция қызметкерлері жолдарда апаттық жағдайларды төмендету, жол қозғалысы ережелерін бұзу жолаушылар тасымалымен ұдайы айналысатын жүргізушілер арасында көліктік тәртіпті сақтау мақсатында «Автобус» профилактикалық шарасын ұйымдастырды.
Осы тұрғыда Қазығұрт аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері аудандағы көшелерге рейдтік шара жүргізді. Бұл іс-шара кезінде қоғамдық 5 автокөлік, «Тайота Альфард» маркалы қоғамдық көліктер және балаларды балабақшаға таситын кіші автобустар тексерілді. Оларға «Автобус» шарасын түсіндіріп, заңға қайшы келетін көліктің құжаттары тексеріліп, орын алған құқық бұзушылықтар анықталды.

Мәселен, қауіпсіздік белбеуін тақпағаны үшін 2 жүргізушіге ҚР ӘҚБтК-нің 590-бабы 9-бөлігімен «Көлiк құралдарын пайдалану қағидаларын бұзу», көлігіне қосалқы бөлшек қосқаны үшін, яғни заңсыз талапқа сай келмейтін орындық қосқаны үшін 1 тұлғаға ҚР ӘҚБтК-нің 590-бабы 7-бөлігімен «Көлiк құралдарын пайдалану қағидаларын бұзу» бойынша әкімшілік хаттама толтырды.

Түркістан облысының полиция қызметкерлері жүйелі түрде өткізіп жатқан бұл алдын алу шаралары жол-көлік оқиғаларының жолын кесіп, санын азайтады деп сенеміз.

Ұқсас ақпараттар

ӨРТ ДЕПОСЫНЫҢ ҚҰРЫЛЫСЫ КЕЛЕСІ ЖЫЛЫ АЯҚТАЛАДЫ

smarttop

ШЫМКЕНТТЕ ЖЫЛ СОҢЫНА ДЕЙІН 2 МЫҢҒА ЖУЫҚ ОТБАСЫ АРЕНДАЛЫҚ ПӘТЕРМЕН ҚАМТЫЛАДЫ

smarttop

ЖҮЗДЕН ЖҮЙРІК ШЫҚҚАНДАРДЫҢ ФОРУМЫ

smarttop

Пікір қалдыру