22.3 C
Шымкент
Четверг, 19 сентября, 2024
Smarttop.kz

ҚАРАТАУ АУДАНЫ: АЛАҢШАЛАРДЫҢ ҚҰРЫЛЫСЫНА ҚАЖЕТТІ ЖЕР ТЕЛІМІ АНЫҚТАЛДЫ

Қайтпас шағынауданында ойын және ашық спорт алаңшаларының құрылысына қажетті жер телімі анықталды. Бұл туралы Қаратау ауданы әкімінің баспасөз қызметі хабарлады.
Қаратау ауданы әкімінің аппараты мен «Мемлекеттік корпорация» КЕАҚ «Азаматтарға арналған үкімет» қызметкерлері Шымкент қаласы бойынша мемлекеттік жер кадастрының мамандарымен бірлесіп, Қайтпас шағын ауданында балаларға арналған ойын және ашық спорт алаңшасын салу мақсатында бос жер телімдеріне далалық зерттеу жұмыстарын жүргізген.
Көп қабатты тұрғын үй алаңдарындағы ойын алаңшаларын жаңартуда кәзіргі таңда жоспарлануда.Ескі ойын алаңшаларын далалық зерттеулер кезінде кадастр маманы арқылы жарамсыз деңгейде екеніне көз жеткізділді. Ауданның далалық зерттеу жүргізу кезінде бос жер телімдерін зерттеу арқылы ұсынылды. Шымкент қалалық сәулет, қала құрылысы және жер қатынастары басқармасы арқылы жер кадастр мамандары арқылы қарастырды және сол бойынша акт алуын талап етілді.
— Бүгінде аталған шағынаудандағы М.Оразалиев көшесінің бойынан бір бос жер телімі анықталып, Шымкент қалалық сәулет, қала құрылысы және жер қатынастары басқармасына мемлекеттік акт алу бойынша комиссияға ұсынылды. Құжатамалардың дұрыстығын тексере оырып, жұмыс барысын қадағалау арқылы ойын алаңшасын салуға берілді. Нәтижесінде комиссия оң қорытынды беріп, Қаулы шығару үшін нысанды орналастыру жобасы әзірленуде. Сонымен қатар, аталған бос жер телімін мемлекет теңгеріміне заңдастырылуына орай, ойын алаңшасын салу бойынша сметалық құжаттама әзірленді, енді бюджетке өтінім ұсынылмақ, — дейді Қаратау аудандық әлеуметтік қорғау, мәдени даму және мемлекеттік қызмет көрсету бөлімінің бас инспекторы Айнұр Қуатжанқызы.
Айта кетейік, жыл соңына дейін ауданда 41 ойын алаңшасы, 10 спорт алаңшасын салу жоспарланған.

 

Ұқсас ақпараттар

“ЖҰЛДЫЗ” ИНДУСТРИЯЛЫҚ АЙМАҒЫНДА КЕРЕМИКАЛЫҚ ТАҚТАЛАРДЫ ӨНДІРУ БОЙЫНША ЗАУЫТ САЛЫНБАҚ

smarttop

8 НАУРЫЗ МЕРЕКЕСІ АЯСЫНДА МЕДИЦИНАЛЫҚ ҰЙЫМДАРДА АШЫҚ ЕСІК КҮНІ ҰЙЫМДАСТЫРЫЛАДЫ

smarttop

Уважаемые жители города!

smarttop

Пікір қалдыру