АҚШ Бирмингем қаласында өтіп жатқан Дүниежүзілік ойындарда каратэ бойынша Қазақстан құрамасының намысын қорғаған Софья Берульцева жеңімпаз атанды.
Софья Берульцева — 6 жасынынан бастап Шымкент қаласында каратэмен айналысып бастаған. 2016 жылы Джакарта және 2017 жылы Астанада өткен жастар арасындағы Азия чемпионатында 59 кг салмақта жарысқа қатысқан, сол жарыста алтын медаль жеңіп алды.
Қазіргі салмағы 68 кг бойлап тұр. Осы салмақпен испандық споршымен қарсы шықты.
Жекпе-жектің алғашқы секундтарында-ақ дәл соққы берген каратэшіміз есеп ашты. Бірер сәттен кейін Ферьял есепті теңестіріп, «жарылғыш» соққылар тактикасын ұстана бастады.
Қазіргі спортшылардың өз шеберліктерімен көзге түсті, осы ойында дүниежүзілік деңгейде мықты спорт көрсете алдық.Спортшы Софья Берульцева Қазақстан құрамасы арқылы елімізді, жерімізді бүкіл елдер арасына өзінің жеңісі арқылы таныстырып өтті.
«Біз АҚШ Брименгем қаласында көптен күткен Олимпиада ойындарына келдік. Жаттығуларды бастадық, бәрі жақсы жүріп жатыр. Карантин талаптарын қатаң сақтаймыз.
Еске салайық, каратэ Олимпиада ойындарының бағдарламасында ұсынылып отыр, бұл Софияның нәтижесін тарихи етеді. Біздің спортшыларымыздың есімі Қазақстанның спорт тарихында мәңгілікке жазылды.
Тек спорт залы мен асханаға рұқсат етіледі. Қаладан шыға алмайсың. Күніне екі рет жаттығамыз. Осы дүниежүзілік әлем чемпионатын ұйымдасытырып отырған барлық қызметкерлерге үлкен алғысымды білдіремін. Барлығы жоғары деңгейде ұйымдастырылған», — деді Берульцева.
Әлемнің үздік каратистері қатысқан турнирде финалда Софья Берульцева испандық Мария Торрес Гарсияға қарсы татамиге шықты. Шымкенттік спортшы 68 килограмнан астам салмақта өз шеберлігін көрсетіп, алтын медальға ие болды.
Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі