10.3 C
Шымкент
Суббота, 19 апреля, 2025
Smarttop.kz

ШЫМКЕНТТЕ ЖАҢА АЯЛДАМАЛАР ОРНАТУ ЖҰМЫСТАРЫ БАСТАЛДЫ

Шымкентте биыл қалаішілік орталық көшелерге 178 аялдама павильонын орнату жоспарлануда. Барлық аялдамалар Шымкент қаласының жолаушылар көлігін дамытудың кешенді схемасына сәйкес орнатылады.Көздің жауын алатын алқызыл түспен боялған, шынымен қапталған, темірден жасалған аялдамаларды көптеп кездестіруге болады. Бір сөзбен айтқанда, ортақ бір стандарт сақталмаған. Әрине, бұл алабажақ аялдамалар мегаполис көркін бұзып тұр дейді тұрғындар. Шымкент қаласының аялдама павильоны үшін бөлінген қаражатты схемалар арқылы салдырту. Қала ішіндегі көшелер арасында аялдама саны схемалар бойынша есептегенде 1336 болған. Аялдамаларды көбейтудегі басты проблемаларының бірі ұзақ уақытқа  шыдамайтындығы өте аянышты. Бір қалпында сақталып қалу үшін бір қатар шаралар жасалып жатыр. Әр аялдамада камера койылуын және  дабылдатқыш техникасын қойғызу болып отыр. Осы шаралар арқылы аялдамалардың санын көбейтілуі және бір қалпында сақтап қалуы жайлы насихаттап өтті.Қала көшелері бойынша жасалған  схема арқылы аялдамалардың павильонын көбейту, қала ішіндегі көлік қимылын  дұрыстау.
Бүгінде қала ішінде жоспарға сәйкес 14 аялдама павильоны қойылды. Аялдама павильондарының атауларын  жаздырту арқылы  көше аттарымен байланыстыра отырып,  жаңарту кезеңі кезінде дұрысталады. Аялдама орнату жұмыстары шілде айында басталды. Аталмыш жұмыстарды орындау «Strong Servise» ЖШС және «Aicom» ЖШС-на тапсырылған.
Жалпы қала бойынша 1886 аялдама орны бар. Оның ішінде 1336-не аялдама павильоны орнатылған болса, қалғанында аялдама белгілері орнатылған. 2021 жылдың қорытындысымен жаңа үлгідегі аялдама саны 670. Қала бойынша жалпы үлесі 35,5% құрайды.

Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

Ұқсас ақпараттар

Екі тәулікте заңсыз жұмыс істеп жүрген 47 шетелдік анықталды

smarttop

«Бірлесіп автокөлік жуу орталығын ашамыз» деп танысын алдап, атынан несие рәсімдеген алаяқ анықталды

smarttop

2024 ЖЫЛЫ ҚАЗАҚСТАНДА РЕКОРДТЫҚ 26,7 МЛН ТОННА АСТЫҚ ЖИНАЛДЫ

smarttop

Пікір қалдыру