30.3 C
Шымкент
Суббота, 7 июня, 2025
Smarttop.kz

Полицейлер үйінің ауласына есірткі еккен тұрғынды анықтады

Тәртіп сақшылары есірткі қылмысымен күресуді тоқтаусыз жалғастырып келеді. Осы тұрғыда Жетісай аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері «Қарасора-2022» жедел-профилактикалық шарасы кезінде, есірткі еккен тұрғынды анықтады. Яғни ер адамның ауласын тінтіген полицейлер ауладан есірткі затына ұқсас 3 түп өсімдікті тапты. Полицейлер өсімдікті айғақты зат ретінде тәркілеп, сараптама тағайындады. Сараптама қорытындысы оның «сора» есірткісі екендігін растады. Тәртіп сақшылары күдікті ер адамды полиция бөліміне жеткізді.

Анықталғандай, ер адам ауданға қарасты егістік алқаптың шетінен сіріңке қорабын тауып алған. Оның ішіндегі заттың есірткі затына ұқсас екендігін біліп, өсіру үшін арнайы үйіне алып келген. Яғни күдікті ер адам оны өзі пайдалану мақсатында ауласына еккен. Қазіргі таңда ҚР ҚК-нің 300-бабы 1-бөлігі «Құрамында есірткі заттар бар, өсіруге тыйым салынған өсімдіктерді заңсыз егіп-өсіру» бойынша күдіктіге қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

Түркістан облысының полицейлері заңсыз есірткі өсірудің, баптау мен тасымалдаудың соңы — қатаң жазаға алып келетінін ескертеді.

Ұқсас ақпараттар

Шымкентте жанар-жағармай бекетінің кассасынан 12 млн теңге жымқырған ер адам сотталды

smarttop

Назарбаев университетінің құрылысшы мамандығы студенттері әлеуетті жұмыс берушімен кездесті

smarttop

ШЫМКЕНТ ЭКСПОРТ КӨЛЕМІН ҰЛҒАЙТТЫ

smarttop

Пікір қалдыру