22.3 C
Шымкент
Четверг, 19 сентября, 2024
Smarttop.kz

Досының үйіне қонаққа келіп, оның анасының алтындарын жымқырып кеткен күдікті қамауға алынды

Созақ аудандық полиция бөліміне жергілікті тұрғын арызданды. Әйел адамның айтуынша, оның алтын бұйымдарын белгісіз біреу ұрлап кеткен. Жәбірленушіге келген шығын көлемі 500 000 теңге. Аталған жайтты полиция қызметкерлері ҚР ҚК-нің 188-бабы «Ұрлық» бойынша тіркеуге алды.

Тәжірибелі тәртіп сақшылары ұрлық қылмысын ашу үшін қажетті шараларды жүзеге асырды. Олар сұрастыру жұмыстарын жүргізіп, жедел-іздестіру шараларын атқарды. Нәтижесінде осы қылмысқа қатысы бар күдікті бұрын сотты болған Шымкент қаласының тұрғыны ұсталды.

Анықталғандай, Шымкенттік жас жігіт арызданушының ұлының досы. Жігіт досының үйінде қонақ ретінде бірнеше күн болған. Ол өз қылмысын еш алаңдаусыз іске асырып, сырт киімнің қалтасынан алтын бұйымдарды жымқырған. Содан соң Шымкент қаласындағы ломбардқа өткізіп жіберген. Қазіргі таңда күдікті қамауға алынып, сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

Түркістан облысының полицейлері тұрғындарға өз мүліктеріңізге сақ болыңыздар деп ескертеді. Кез келген адамға сенім артпай, тұрғын үйлер мен ғимараттарға, дүкендерге бейнебақылау камералары мен арнайы дабылқаққыштар орнатуға кеңес береді. Егер, сіз, ұрлық қылмысына куә болсаңыз, полицияның 102 нөміріне хабарласыңыз.

Ұқсас ақпараттар

Полицейлер «Балаларды қорғау» күніне орай кіші футболдан турнир өткізді

smarttop

ШЫМКЕНТТЕ ТҰРҒЫНДАРҒА ҚАУІПСІЗДІК ЕРЕЖЕЛЕРІ ТҮСІНДІРІЛДІ

smarttop

Полицейлер жасөспірімдерге суға шомылудағы ережелер бойынша жадынамалар таратты

smarttop

Пікір қалдыру