4.3 C
Шымкент
Пятница, 22 ноября, 2024
Smarttop.kz

ИНФРАҚҰРЫЛЫМ ЖҮЙЕЛЕРІ ТАРТЫЛУДА

Бүгін Шымкент қаласының әкімі Қайнарбұлақ тұрғын алабына арнайы барып, инфрақұрылыммен қамту, атап айтқанда ауыз су тарту жұмыстарын тексерді.
Құрылыс толығымен келер жыл соңына дейін аяқталмақ. Кездесу барысында жергілікті тұрғындарды алаңдатып отырған сапалы инфрақұрылыммен қамту яғни, ауыз су, табиғи газ, электр жарығы мәселелері қозғалды. Осы орайда, тұрғындарға аудан әкімдігі мен құзырлы мекеме тарапынан атқарылып жатқан жұмыстар мен жоспардағы жобалар толығымен таныстырылды. 6 мыңға жуық халқы бар Қайнарбұлақ тұрғын алабын сапалы электр жарығымен қамтамасыз ету мақсатында дәл қазіргі таңда, құрылыс жұмыстары жүргізілуде. Биылдың маусымында басталған жұмыс, келесі жылы аяқталады деп жоспарланған. Бүгінде көшелерге бағаналар орнатылуда. Ал, ауыз су мен табиғи газбен қамту жұмыстарын жүргізу үшін жобалау сметалық құжаттары дайындалып жатқанын жеткізген Шымкент қалалық энергетика және инфрақұрылымды дамыту басқармасының басшысы бәрі де жоспарлы түрде жүзеге асырылады, дейді. Бұйыртса, келесі жылға құрылысын бастау көзделуде. Қала әкімі кездесуде елді мекендерде әр салалық бағыт бойынша жұмыстарды баяндап, әрбір сауалға жеке-жеке жауап берді. Осындай кездесулердің халық қажеттілігін тиімді шешуде маңызды екенін атап өткен М. Әйтенов, өтініштер мен сауалдар бойынша аудан әкімі мен сала жетекшілеріне нақты тапсырмалар берді.
Ал, табиғи газ жүйесінің құрылысы биыл басталады. Қазір мердігерді анықтау мақсатында конкурс өткізілуде.
Биыл мемлекеттік — жекеменшік әріптестік аясында Степная, Бөлешов, №125 мектеп көшелері жарықтандырылады.
Қала әкімі құрылыс жұмыстарындағы кемшіліктерді дер кезінде түзетіп, жұмыс сапасын үнемі бақылап отыруды аудан әкіміне жүктеді.
Сонымен қатар, «Бозарық» ауданындағы инфрақұрылым жайлы айта кетсек, Мемлекет Басшысы геосаяси жағдайдың күрделенуіне байланысты еліміздің азық-түлік қауіпсіздігі және бағаны тұрақтандыру мәселесіне байланысты нақты тапсырмалар берген-ді. Бұл бағытта қаламыздың ауылшаруашылық өнімдерін терең өңдейтін өндірістік алаңдарын дамыту арқылы қолға алу көзделген. Бүгінгі таңда аумағы 133 гектар құрайтын «Бозарық» тамақ өнеркәсібі агро-индустриялық аймағында инженерлік инфрақұрылым жүйелерінің құрылысы жүргізілуде.
Қала әкімі индустриалды аймақтың инженерлік-инфрақұрылым жүйелерінің құрылыс жұмыстарын тексерді.
Мұнда қазір 15 шақырымдық суаққының құрылысы жүруде. Жұмыстың 46 пайызы орындалды. Сонымен бірге, электр жүйесін тарту жұмыстары қарқын алған. Индустриалды аймақты инженерлік-инфрақұрылыммен қамту толығымен 2023 жыл соңына дейін аяқталады.
Ішкі және сыртқы жолдар үшін конкурс өткізілуде.

Ұқсас ақпараттар

Құрметті, Шымкент қаласының тұрғындары!

smarttop

НА ПРЕДПРИЯТИЯХ ШЫМКЕНТА ВЕДЕТСЯ РАБОТА ПО РАЗЪЯСНЕНИЮ ПОСЛАНИЯ ПРЕЗИДЕНТА РК

smarttop

Екатеринбургта өтіп жатқан «ИННОПРОМ» XIII Халықаралық өнеркәсіптік көрмесіне Шымкенттен 7 кәсіпорын қатысуда

smarttop

Пікір қалдыру