16.3 C
Шымкент
Пятница, 20 сентября, 2024
Smarttop.kz

ЕҢБЕКШІ АУДАНЫНДА 3 ӨНДІРІСТІК АЙМАҚ БАР

Қала әкімінің Еңбекші ауданы тұрғындарымен өткен есепті кездесуінде аудан әкімі Д.Есілбек негізгі көрсеткіштерді атап, жоспарлармен таныстырды.

Өндірістік-аумақтық кешен – экономиканың өзара байланысты салаларының белгілі бір шаруашылық аймағында жоспарлы түрде дамуы. Еңбекші ауданында өндірістік аймақ қалыптасырудағы  басты мақсаты – өндірістің экономиялық тиімділігін арттыру болып табылады, яғни Еңбекші ауданындағы аймақтардың салуына байланысты экономикасын жоғарылату болып табылады. Аудандағы  өндірістік аймақтың экологиялық жағдайына байланысты ҚОӘБ жүргізеді. Ең ірі өнеркәсіп орындарының техникалық ережелеріне қол қою арқылы ашылады. Шымкент қаласының экономикасын арттыру мақсатында және қалада жұмыс істеп тұрған өндірістік аймақтар 100 пайызға толуының негізінде, мегаполисте тағы төрт аймақ ашу жоспарланудаОның біріншісі – «Жұлдыз» индустриалды аймағы. Қазір инженерлік инфрақұрылым жүйелері салынуда. Мұнда шамамен құны 200 млрд. теңге болатын 60 ірі заманауи кәсіпорындар ашылады. Ең ірі жұмыс жасайтын өндірістік орнының шығарындыларының қала экологиясына әсер тигізуі әбден мүмкін. Осыған орай экологиялық орталық арқылы барлық сақтап қалу шараларын қарастырылды.

Еңбекші ауданында 27 ірі және орта кәсіпорындар жұмыс істейді. Оның ішінде 3 өндірістік аймақта (Оңтүстік ИА Ордабасы ИА, Оңтүстік АЭА) 123 жоба іске қосылған. Бұл жылы аймақтарда 713 жұмыс орнымен 12 жоба жүзеге аспақ.

Мемлекет басшысының 2025 жылға қарай өңдеу өнеркәсібінің экспортын 1,5 есеге көбейту туралы тапсырмасына сәйкес, жаңадан «Жұлдыз» индустриалды аймағы ашылуда. Қазіргі таңда инженерлік инфрақұрылыммен қамту жұмыстары жүруде.

Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

 

Ұқсас ақпараттар

  CALL CENTER АШЫЛҒАНЫН БІЛЕСІЗ?

smarttop

Полицейлер трамадол дәрісін заңсыз қолданған ер адамға қатысты қылмыстық іс қозғады

smarttop

Түркістан облысында 150-ге тарта көлік айыптұраққа қойылды

smarttop

Пікір қалдыру