0.3 C
Шымкент
Пятница, 22 ноября, 2024
Smarttop.kz

6 ЕЛДІМЕКЕНДЕ АУЫЗ СУ ҚҰРЫЛЫСЫ БАСТАЛДЫ

Еңбекші ауданында 35 елдімекен, яғни тұрғындардың 94,4 пайызы ауыз сумен қамтылған. 2022-2023 жылдары қамту көрсеткішін 98 пайызға жеткізу мақсатында биыл 6 елдімекенде (Қарабастау, Қаратөбе, Жұлдыз, Жыланбұзған, Айнатас, Тоғыс) құрылыс жұмыстары басталып, келесі жылы аяқталады.

Ауыз сумен қамту 2020 жылы статистикалық жағдайына қарағанда,94,4% құраған. Ал оның қаражаты 1,3 млрд тенгені құрады. 2021 жылғы статистикасы бойынша салыстырғанда пайыз көрсеткіші 2020 жылмен бірдей, ал қаражат жағдайы 31,8 млн тенгені құрады.2022-2023 жылғы қамту көрсеткіші 98% бюджеттік жағдайы өтпелі 1,7 млрд тенгенін басын құрағалы тұр.

Бұл туралы қала әкімінің есепті кездесуінде аудан басшысы Д.Есілбек баяндады.

Кәріз жүйесімен қамту көрсеткішін 59 пайызға жеткізу үшін осы Мирас, Шапағат-2, Ұлағат, Солтүстік Шығыс шағын аудандарында құрылыс жұмыстары жүргізілуде, жыл соңына дейін аяқталады. Ал Жұлдыз тұрғын алабында құрылыс биыл басталып, келер жылы қолданысқа беріледі.

Ауданды электр желісімен қамту келер жылы толығымен жүзеге асады. Осы мақсатта Абдулабад, Тоғыс, Тұрдыабад, Маятас, Оңтүстік, Айнатас елдімекендерінің жаңа құрылыс аумағында құрылыс жұмыстары жүргізілуде.

Заң жобасында көрсетілген шараларды іске асыру мынадай мүмкіндіктер береді:

  1. Салынған оқшау жүйелерді тізімге енгізуді жеделдетеді;
  2. өңірлерге ауыз сумен жабдықтауға арналған субсидия бөлу мен алуды тездетеді;
  3. облыс бойынша орташа тариф пен өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуын ескере отырып, 1 текше метр ауыз су үшін халықтың төлемін реттейді.

Табиғи газбен қамту көрсеткішін бұл жылы 90,7 пайызға жеткізу жоспарланған. Тоғыс, Елтай, Оңтүстік, Жыланбұзған, Қарабастау елдімекендеріне газ жүйесін тарту үшін ЖСҚ әзірленуде. Құрылыс жұмыстары алдағы жылы басталмақ.

Мемлекеттік-жекешелік әріптестік аясында өткен жылы 18 көше жарықтандырылған болса, бұл жылы 34 көше жоспарда тұр.

Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

 

Ұқсас ақпараттар

«SHYMKENT IT HUB» ФОРУМЫНДА ЖАҢА МҮМКІНДІКТЕР ҚАРАСТЫРЫЛДЫ

smarttop

 ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫНДА ЖЫЛУ БЕРУ ЖҰМЫСТАРЫ  ЖАҚСЫ НӘТИЖЕ КӨРСЕТУДЕ

smarttop

ШЫМКЕНТТЕ ҮЙ КЕЗЕГІНДЕ 48 МЫҢНАН АСТАМ АЗАМАТ ТІРКЕЛГЕН

smarttop

Пікір қалдыру