Smarttop.kz

А.АСҚАРОВ АТЫНДАҒЫ ҚАЛАЛЫҚ BI CHESS РЕЙТИНГІЛІК ТУРНИРІ БАСТАЛДЫ

Шымкент қаласының Орталық саябақ аумағында Асанбай Асқаров атындағы шахматтан қалалық BI CHESS рейтингілік турнирі өтуде.
Тағылымды іс-шараны бүкіләлемдік шахматшылар күні қарсаңында BI group компаниясы ұйымдастырды.
Турнирде 2-ші санаттан жоғары шеберлер мен арнайы іріктеу турынан өткен әуесқойлар бақ сынап жатыр. Жарысқа қатысуға жалпы 120-дан астам қала тұрғыны өтініш берді. Жеңімпаздар FIDE ережесіне сай анықталып, арнайы жүлделермен марапатталады.
Айта кетсек, аталған сайыс бұқаралық спортты дамыту мақсатында алғаш рет ұйымдастырылып отыр. Жеңімпаздар мен жүлдегерлер бүгін анықталады.
Шымкент келбеті

Ұқсас ақпараттар

ДЕПАРТАМЕНТ 2022 ЖЫЛЫ 96 ӘКІМШІЛІК ҚҰҚЫҚ БҰЗУШЫЛЫҚ ІС ҚОЗҒАДЫ

smarttop

ШЫМКЕНТ ӨНІМДЕРІ 9 ЕЛГЕ ЭКСПОРТТАЛУДА

smarttop

БАҒА ТҰРАҚТЫЛЫҒЫ – БАСТЫ НАЗАРДА

smarttop

Пікір қалдыру