4.3 C
Шымкент
Пятница, 22 ноября, 2024
Smarttop.kz

ШЫМКЕНТТІҢ БАС ЖОСПАРЫНА ҚАТЫСТЫ ҰСЫНЫСТАР САРАЛАНАДЫ

Шымкент қаласы бас жоспарының жобасын қоғамдық талқылауда 149 ұсыныс түскен. Олардың арасында инженерлік жабдықтау, қоғамдық көлікті дамыту, қала аумағын абаттандыру, мектеп, балабақша, емхана мен спорт және демалыс орындарын салу мәселелері бар.
Қала әкімінің орынбасары Мақсұт Исаховтың айтуынша, барлық ұсыныстар сараланып, құзырлы мемлекеттік органдармен келісіледі. Ең тиімді ұсыныстар бойынша бас жоспардың жобасына өзгерістер мен толықтырулар енгізілуі мүмкін. Нәтижесінде жыл соңына дейін қаланың жаңа бас жоспары толық әзірленіп, ҚР Премьер-министрінің келісімінен кейін, ҚР Үкіметінің қаулысымен бекітіледі. Ғимараттың оңтүстік аймағында қазіргі таңда жоспар құрылысы көзделген аймақта орта қабатты тұрғын үйлер биіктігі бойынша жоспарланып есептеліп, қоймалар және әкімшілік тұрмыстық кешені және қасында жанастырылған көгалдандыру аймақтармен орналастырылған. Ғимараттың орналасуы судың жиналуы, көлік қою орындары ынғайына қарай, сонымен қатар, ұшу аймақтарыда желдің күші мен бағытына қарай қарастырылған. Бас жоспардың орналасу шешімдері форматында шартты белгілермен көрсетілген.
Айта кетейік, бас жоспарды әзірлеу үшін 2021 жылы «Градкомплекс» ЖШС-мен Шымкент қаласының сәулет, қала құрылысы және жер қатынастары басқармасы арасында келісімшарт түзілген. Құжатты әзірлеуге ТМД елдерінен көлік инфрақұрылымы бойынша үздік мамандар, сәулет және құрылысы саласындағы ғалымдар мен бас жоспар әзірлеу жөнінде мол тәжірибеге ие сарапшылар шақырылды.
Олар қаланың шекараларын айқындап, аумақтық даму схемаларын, тарихи, мәдени және рухани мұраны сақтау және пайдалану тұжырымдамасын, орталықтарды, өндіріс орындарын, селитебті және рекреациялық аймақтарды орналастыру жобасын әзірлеген. Сонымен қатар көлік инфрақұрылымын дамыту ұстанымдары, соның ішінде жаңа әуежайдың, теміржол вокзалының, автобекеттің орналасатын орындарын анықтап, экономикалық кешеннің тұрақты дамуын қамтамасыз ету, экологиялық жағдайды жақсарту бойынша концептуалды ұсыныстар әзірлеген.

«Шымкент келбеті»

Ұқсас ақпараттар

Түлкібас ауданында полицейлердің қатысуымен 1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі мерекесіне орай семинар-дәріс өтті

smarttop

Ө.ШӨКЕЕВКЕ СУРЕТІН СЫЙЛАДЫ

smarttop

АУРУХАНА БАЗАСЫНДА СЕЙСМИКАЛЫҚ ЖАТТЫҒУ ӨТТІ

smarttop

Пікір қалдыру