8.3 C
Шымкент
Воскресенье, 8 марта, 2026
Smarttop.kz

«КӨРМЕ ОРТАЛЫҒЫ» ҚАЙТА ЖАНДАНДЫ

Шымкентте «Көрме орталығы» қайта ашылды. Қаладағы көрмелерді көрсету орталығы  ұйымдастырылады. Олар ауыл шаруашылығының маңызды ұйымдастыру-шаруашылық мәселелері мен жеке салаларына арналады. Мәдениет саласының ардагері К.Айдарбекова мен Шымкент қалалық мәдениет, тілдерді дамыту және архивтер басқармасының бөлім басшысы А.Насыр салтанатты түрде ғимараттың лентасын қиып, жиылған көпшілік «Әжелер ансамблінің» шашуымен нысанның ішіне енді.
«Шымкент өркениеті» салтанатты жиынының аясында роботтар көрмесі ұйымдастырылып, оның бастамашысы Д.Фалин, «Көрме орталығының» директоры З.Қарабекова құттықтау сөз сөйледі.
— Біз еліміздегі жаңа технология мен робот құрастыру саласын танытуға атсалысып келеміз.Жаңарған және дамыған қаланың ішінде  өскелең ұрпақтың инженерлік мамандықтарға, ғылымға деген қызығушылығын оятып, өнертапқыштық қасиетін дамытсақ дейміз. Ал, осындай жұмысты халыққа паш етуде «Көрме орталығының» орны ерекше. Қайта жанданып, көрермендердің жиналып жатқанына қуаныштымыз, — деді Д.Фалин.
Ұйымдастырушылардың айтуынша, көрме 21 шілдеден 11 қыркүйекке дейін жалғасады. Көрермендер роботтың 85 түрімен танысып, 7 виртуалды шындық технологиясы мен 4 техношоуды тамашалай алады. Сондай-ақ, робототехника бойынша мамандардың кеңесін алып, шеберлік сағаттарына қатыса алады. Көрмені тамашалаймын деген 14-21 жас аралығындағы жастарға әр сейсенбі сайын, ал әр сәрсенбіде зейнеткерлерге арнайы жеңілдік қарастырылған.
Шымкент қалалық мәдениет үйінің өнерпаздары әннен шашу шашып, мың бұралған бишілері мерекенің сәнін келтірді.
Айта кетейік, жыл басындағы «Қаңтар оқиғасы» кезінде «Көрме орталығының» ғимараты зардап шегіп, күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілген болатын.

«Шымкент келбеті»

Ұқсас ақпараттар

ПРОБАЦИЯ ҚЫЗМЕТІ ЕСЕБІНДЕ ТҰРҒАН ЖҰМЫССЫЗ АЗАМАТТАР, БАС БОСТАНДЫҒЫНАН АЙЫРУ ОРЫНДАРЫНАН БОСАТЫЛҒАНДАР ҮШІН БОС ЖҰМЫС ОРЫНДАР ЖӘРМЕҢКЕСІ ӨТТІ

smarttop

ДАРХАН САТЫБАЛДЫ КЕЗЕКТІ ЖЕКЕ ҚАБЫЛДАУЫН ӨТКІЗДІ

smarttop

ЖАСТАРДЫҢ ОЙ-ӨРІСІ ТУРАЛЫ ТҮСІНДІРМЕ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛДІ

smarttop

Пікір қалдыру