16.3 C
Шымкент
Пятница, 20 сентября, 2024
Smarttop.kz

СУ БАСУДЫҢ АЛДЫН АЛУ

Шымкент қаласында күзгі жауын-шашын кезінде ирригациялық арықтардың толып қалуының алдын алу мақсатында бірқатар жұмыстар атқарылуда. Қала әкімінің тапсырмасына сәйкес ирригациялық арықтар орнатылу қажет жерлер зерделеніп, анықталған.Су басу қауіпі бар аймақтардың төтенше жағдайда қарсы тұру шараларымен таныстыруы маңызды.
Су басудағы алдын алу және іс-қимыл шаралары:
– төтенше жағдайлар туралы және іс-әрекет жасау ережелері туралы ақпаратты мұқият тыңдаңыз, телефонды қажетсіз қолданбаңыз, ол сізбен байланысу үшін бос болу керек;
– сабыр сақтаңыз, көршілеріңізді ескертіңіз, мүгедек адамдарға, балаларға және қарт адамдарға көмек көрсетіңіз;
– әкімдіктен тұрғындарға эвакуация жасау үшін жиналатын жерді сұрап біліңіз және оған дайын болыңыз;
– құжаттарыңызды, киімдеріңізді, ең қажет заттарыңызды, бірнеше күнге азық-түлік қорын, дәрі-дәрмектеріңізді дайын ұстаңыз. Барлығын шабаданға немесе сөмкеге салып қойыңыз. Құжаттарыңызды су өткізбейтін пакеттерде сақтаңыз.
– барлық электр құралдарын тоқтан ажыратыңыз, газды сөндіріңіз.
– құнды заттарыңызды және азық-түліктеріңізді жоғарғы қабатқа немесе жоғары сөреге көтеріңіз.
Биыл Қаратау ауданында жауын-шашын салдарынан болатын су көлдеудің алдын алу мақсатында ұзындығы 13,7 шақырымды құрайтын 22 мекенжайға ирригациялық арықтар орнату жоспарланған. Су басу кезеңінде халыққа күні бұрын хабар беретіндіктен, тұрғын үйлерде және жұмыс орындарында радиотрансляция торабы тәулік бойы жұмыс істеуі қажет. Хабарландыру сигналдары, эвакуация жасау шаралары мен ережелерімен танысып, оған күні бұрын дайын болуы қажет. Барлық ирригациялық арықтардың жоспар бойынша орналасуын қадағалануы шарт екенін жеткізеді.
Қазіргі таңда 12 орынға мердігер мекеме анықталды. Келісімшарт құжаттамалары әзірленуде. Қалған мекен жайларға мердігер мекеме анықталуда.

Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

Ұқсас ақпараттар

Тоғызқұмалақ чемпиондары

smarttop

CONCERT EMES МЕРЕКЕЛІК ІС-ШАРАСЫНА КӘСІБИ ВИЗАЖИСТЕР ЖИНАЛДЫ

smarttop

Полицейлер тұрғын үйге жасырын кіріп, ұрлық жасаған күдіктіні ұстады

smarttop

Пікір қалдыру