13.3 C
Шымкент
Пятница, 20 сентября, 2024
Smarttop.kz

Қазығұрттық полицейлер қақпа жасайтын цехқа кіріп, ұрлық жасаған жас жігіттерді ұстады

Қазығұрт аудандық полиция бөліміне жергілікті тұрғын арызданды. Ер адамның айтуынша, түнгі сағат 23:45 шамасында оның цех ішіндегі жұмысшылар демалатын бөлмеде тұрған қол сөмкесінен белгісіз біреу 50 000 теңге ақшасын ұрлап кеткен.

Хабар келіп түскен бойда тәжірибелі тәртіп сақшылары оқиға орнына келді. Олар ұрлық қылмысын ашу үшін қажетті шараларды жүзеге асырды. Көрген-білгендерден сұрастыру жұмыстарын жүргізіп, бейнебақылау камераларын қарап шықты. Нәтижесінде осы қылмысқа қатысы бар жергілікті тұрғындар ұсталды.

Анықталғандай, екі жас жігіт көршілер болып шықты. Олар жол бойынан өтіп бара жатып, оңай олжалы болуды көздейді. Күдіктілер ешкімнің байқамай тұрғанын пайдаланып, қақпа жасайтын цех ішіне еркін кіріп, арам ойларын жүзеге асырады. Ұрлаған ақшаны бас пайдаларына жаратып жіберген. Аталған қылмысты полиция қызметкерлері ҚР ҚК-нің 188-бабы «Ұрлық» бойынша тіркеуге алып, сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

Түркістан облысының полицейлері тұрғындарға ұрлықтың алдын алу үшін дүкендерге, ғимараттарға, тұрғын үйлерге, жұмыс орындарына бейнебақылау камералары мен арнайы дабылқаққыштар орнатуға кеңес береді. Егер де, сіз, ұрлық қылмысына тап болсаңыз немесе куәсі болсаңыз, бірден полицияға хабар беріңіз.

Ұқсас ақпараттар

ШЫМКЕНТТІКТЕР САЯСИ ҚУҒЫН-СҮРГІН ҚҰРБАНДАРЫНЫҢ РУХЫНА ТАҒЗЫМ ЕТТІ

smarttop

Елімізге шетелден бөлшектелініп әкелінген көліктерді тіркеуге рұқсат етілді

smarttop

ШЫМКЕНТ: КІЛЕМ ЖӘНЕ КІЛЕМ БҰЙЫМДАРЫН ШЫҒАРАТЫН ФАБРИКА ІШКІ НАРЫҚТЫ ТОЛЫҚТАЙ ҚАМТЫП ОТЫР

smarttop

Пікір қалдыру