Smarttop.kz

Жалған құжатпен шекарадан өтпек болған 2 шетелдіктің ісі сотқа жолданды

Сарыағаш АПБ-ға «Жібек жолы» шекаралық бақылау бөлімшесінің қызметкерлерінен хабарлама түсті. Онда Өзбекстан республикасының 2 азаматы Қазақстан Республикасының шекарасынан өтпек болған кезінде құжаттарында кінәрат бар екендігі көрсетілген. Хабарламаны алған Сарыағаш АПБ-ның полиция қызметкерлерінен тәжірибелі топ құрылып, бірден оқиға орнына келді. Осылайша ел аумағынан шықпақ болған 2 азаматтың құжаттары мұқият тексерілді.
Нәтижесінде шетелдіктердің құжаттары жалған екені расталды. Тәртіп сақшылары аталған жайтты ҚР ҚК-нің 385-бабы «Жалған құжаттарды, мөртабандарды, мөрлердi, бланкілерді, мемлекеттiк пошта төлемі белгілерін, мемлекеттiк наградаларды қолдан жасау, дайындау немесе өткiзу» бойынша тіркеді.

Қазіргі таңда іс құжаттар жинақталып, заңды шешім қабылдау мақсатында Сарыағаш аудандық сотына жолданды.

Өз кезегінде Түркістан облысының полицейлері жалған құжат жасатқан жағдайда заң аясында шара көрілетінін ескертеді. Заңға бағынайық!

Ұқсас ақпараттар

ШЫМКЕНТТЕ ТЕННИСТЕН АЗИЯ ЖӘНЕ ОКЕАНИЯ ЕЛДЕРІНІҢ ӘЛЕМ ЧЕМПИОНАТЫНА ІРІКТЕУ ТУРНИРІ ӨТУДЕ

smarttop

ОТБАСЫ КҮНІ ОТБАСЫЛЫ БОЛҒАНДАР НЕКЕ КУӘЛІГІН АЛДЫ

smarttop

ЕКІНШІ АЛТЫН: МЕЙІРЖАН ШЕРМАХАНБЕТ АЗИЯ ЧЕМПИОНЫ АТАНДЫ

smarttop

Пікір қалдыру