Smarttop.kz

ШЫМКЕНТТЕ МЕДИАЦИЯ КҮНІНЕ ОРАЙ ӨТКЕН АКЦИЯДА ДАУЛАСУШЫ ТАРАПТАР БІТІМГЕ КЕЛДІ

Қазақстанда соңғы бірнеше жылдың ішінде медиацияның көмегімен 150 мыңға жуық іс сотқа дейін жетпей, бітімгерлік келісіммен аяқталған. Бұл азаматтардың сот процесіне кететін уақыты мен қаржысын үнемдеп, денсаулығын қорғауға мүмкіндік беріп отыр.
Осы орайда Бүгін Шымкентте бірыңғай республикалық медиация күні аясында Қазақстан халқы Ассамблеясының медиация кабинеттерінде және диалог алаңдарында мемлекеттік органдар өкілдері мен ҚХА қоғамдық медиаторларының қатысуымен «Ашық есік күні» республикалық акциясы өтті.
Ұйымдастырушылардың айтуынша, бұл акцияның мақсаты — халықтың құқықтық сауаттылығын арттыру, азаматтар арасында туындайтын даулар (жанжалдар) бойынша тегін консультациялық кеңестер беру.Алдағы уақытта, бұл акция жүйелі түрде әр тоқсанның екінші айының бірінші жұмасында өткізіледі.
Айта кетейік, ашық есік күнінің аясында Шымкент қаласының 12 азаматына құқықтық кеңес беріліп, 4 медиативтік келісімге жасалды.

Ұқсас ақпараттар

ЖЫЛ БАСЫНАН БЕРІ 10 МЕДИЦИНАЛЫҚ ҰЙЫМ АККРЕДИТТЕУДЕН ӨТТІ

smarttop

ШЫМКЕНТТЕ ӨНДІРІЛГЕН МЕДИЦИНАЛЫҚ БҰЙЫМДАР МЕН ҚОРҒАНЫС ҚҰРАЛДАРЫНА СҰРАНЫС ЗОР

smarttop

Түркістан облысының полицейлері шетелдіктен гашиш тәркіледі

smarttop

Пікір қалдыру