16.3 C
Шымкент
Пятница, 20 сентября, 2024
Smarttop.kz

М.ӘЗІЛХАНОВ: ОТАНДЫҚ МЕДИА КЕҢІСТІКТІ ТӘРБИЕЛІК МӘНІ БАР КОНТЕНТПЕН ТОЛЫҚТЫРУ ҚАЖЕТ

Отандық ақпараттық кеңістікті ел бірлігін сақтауға арналған және жастар үшін тәрбиелік мәні бар контенттермен толтыру ¬– бүгінгі күндегі маңызды міндет.
Шымкент қаласының «Достық үйі» ғимаратында медиа саласының мамандарымен кездескен Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасының орынбасары – Қазақстан Республикасы Президенті әкімшілігі ҚХА хатшылығының меңгерушісі Марат Әзілханов осылай деді.
Кездесу барысында қатысушылар қаланың медиа қоғамдастығының жалпыұлттық бірлік пен қоғамдық келісімді қамтамасыз етуге қатысуы, елдің ақпараттық кеңістігінде бірлік идеясын ілгерілету, жастар үшін үлкен тәрбиелік мәні бар ұлттық ақпараттық контенттерді әзірлеу және тағы басқа мәселелерді талқылады.Қазіргі қоғамдық таңда да тәрбиенің маңызы орасан зор. Тәрбие бесіктегі баладан, еңкейген қартқа дейін қажет. Өйткені, тәрбие болғанда ғана, адамдық қасиетің пайда болып, өмірдегі роліңді біле аласың. Қазақтың батыр тұлғаларының бірі Бауыржан Момышұлы: «Тәртіпсіз ел болмайды. Тәртіпке  бағынған құл болмайды» деп тәрбиенің маңызын ашып көрсеткен. Біздің аталарымыз да тәрбиенің негізгі мақсатын дап болып, өз өмірлерінде дұрыс қолданғандай сыңай танытады. Бұлай дейтін себебіміз атадан қалған ұлағатты сөздердің түп төркіні осындай тұжырымға еріксіз жетелейді. Мәселен тәрбиедегі әдептілікті мына сөзбен өрнектеген: «Әдепті бала арлы бала, әдепсіз бала сорлы бала». Міне мұнда тәрбиеге көңіл бөлініп қарастылатын ар мәселесін әдептілікке апарып теліп, жоғарғы деңгейге көтеріп отыр. Бізді тәрбиені ар-намыспен байланыстыра отырып, негізгі мақсатқа жетудің жолын тапқан. Осының нәтижесінде өміріне адамдықты ту етіп ұстайтын қанша арыстай ағаларымыз болашақ буын өкілдеріне өшпестей із қалдырған.

Сонымен қатар Шымкент қалалық ҚХА жанындағы Журналистер мен блогерлер клубының атқарып жатқан жұмыстары мен алдағы жоспарлары туралы клуб жетекшісі З.Оралбаева баяндады.
Сонымен қатар, кездесуде «Шымкент келбеті», «Панорама Шымкента» газеттерінің бас редакторы Б.Тайжан, «Отырар» телеарнасының тілшісі Ш.Саидов, «Сақ» киностудиясының режиссёрі Б.Дәуренбеков сөз сөйлеп, өз ойларын ортаға салды.

Ұқсас ақпараттар

ШЫМКЕНТТЕ ЖАСТАРҒА АРНАЛҒАН БОС ЖҰМЫС ОРЫНДАРЫ ЖӘРМЕҢКЕСІ ӨТТІ

smarttop

ШЫМКЕНТ: БАЛАЛАР МЕРЕКЕСІНЕ ҚАРСАҢЫНДА 3 ОЙЫН АЛАҢШАСЫ ТАРТУ ЕТІЛДІ

smarttop

Түркістан облысының полицейлері кішкентай баласымен бірге із-түссіз жоғалып кеткен әйелді Шымкенттен тапты

smarttop

Пікір қалдыру