Smarttop.kz

Полицейлер Атырауға жұмысқа тұрғызып беремін деп алаяқтық жасаған тұрғынды ұстады

Кентау қалалық полиция бөліміне жергілікті тұрғын арызданды. Жәбірленуші ер адамның айтуынша, оны сырттай танысы «Атырау облысындағы мекеменің біріне жұмысшы ретінде тұрғызып беремін», — деп сендірген. Содан тұрғыннан 150 000 теңге ақшасын алған алаяқ, жоқ болған. Аталған жайтты полиция қызметкерлері ҚР ҚК-нің 190-бабы «Алаяқтық» бойынша тіркеуге алды. Осыдан соң тәртіп сақшылары күдіктіні табуға бағытталған іс-шараларды атқарды. Нәтижесінде небәрі тәулік ішінде алаяқтық жайтына қатысы бар күдікті ер адам ұсталды. Анықталғандай, ол Атырау қаласындағы аталған мекемеде жұмыс жасайтын жергілікті тұрғын болып шықты. Қазіргі уақытта күдіктіге қатысты сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде. Бүгінде алаяқтық күннен-күнге белең алып бара жатыр. Адамдар кез келген сәтте алаяқтың құрбанына айналып кетуі мүмкін. Сондықтан Түркістан облысының полицейлері тұрғындарға барынша қырағы болып, алаяқтарға алданбауға шақырады. Сондай-ақ кез-келген бейтаныс адамдарға сенім артудан абай болыңыздар. Және ақша беру, ақша алу сынды операциялар кезінде мұқият болуды ескертеді.

Ұқсас ақпараттар

12.06.2023 ЖАЛПЫ ҰЛТТЫҚ АЗА ТҰТУ КҮНІ

smarttop

ШЫМКЕНТТЕ ЖЫЛ БАСЫНАН БЕРІ 12 МЫҢНАН АСТАМ ТҰРАҚТЫ ЖҰМЫС ОРНЫ ҚҰРЫЛДЫ

smarttop

ПОБЕДИТЕЛЯМ «ШЫМКЕНТСКОЙ МОЛОДЕЖНОЙ ЛИГИ» ПОДАРИЛИ МИНИ-АВТОБУСЫ

smarttop

Пікір қалдыру