Жол құрылыс жұмыстарын жүргізу барысында бекітілген жоспарға сәйкес, жыл сайын орташа жөндеу жұмыстары бойынша қаланың орталық магистралды көшелерімен қатар, аудандық маңызы бар ішкі орамдық көшелер басты назарға алынды. Айнатас тұрғын алабы бүгінгі таңда жол құрылыс жұмыстары қарқынды жүруде. Осы сәтке дейін, желді кезде шаң болатын, жаңбырлы кезде балшыққа айналатын көшелерге жол салу құрылысы жүруде.
Айнатас тұрғын алабының халық шоғырланған негізгі аумағы ағымдағы жылы инфрақұрылыммен толық қамтылады. Жаңадан бой көтеріп келе жатқан жаңақұрылыс аймағындағы үйлер мен жер учаскесін сапалы электр қуатымен және орталықтандырылған ауыз су құбырымен қамту мақсатында жобалау-сметалық құжаттамалар әзірленді құрылыс жұмыстары 2024 жылы жүргізіледі. Сонымен қатар, біррнеше абонентті табиғи газбен қамту үшін 1-2 жылдың жобалау-сметалық құжаттама әзірленеді. Жалпы тұрғын алаптың инженерлік жүйелермен қамту көрсеткіші 93,3 пайызды құрайды, 2024 жылдың қорытындысымен бұл көрсеткіштер 100 пайызға жеткізіледі. Көшенің жаңаруы қара түстес асфальт төселген бойдан Айнатас тұрғын алабына пайдалануға беріледі. Көөшенің тазалығы жауапты мекемемен аудан тұрғындары келісім шартқа отыруы тиіс.
Еңбекші ауданы Айнатас тұрғын алабының Бесқұлан, Сарыөзен, Желді, Ақшығанақ, Құмтөкей, Көкорда , Шоқтас, Озыген, Бестерек көшелеріне асфальт төсеу жұмыстары жүргізілді. Аталмыш жұмыстар тамыз айының соңына дейін толығымен аяқталып, пайдалануға беріледі. Тұрғын алаптағы асфальт төселген жолдың жалпы ұзындығы 5 шақырымнан асады.
Айта кетейік, орташа жөндеу жұмыстары бойынша бүгінде 91 нысан — 202 көшенің жөндеу жұмыстары аяқталды.
Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі