Әл-Фараби ауданы әкімінің орынбасары Смайлов Балтабай Оспанұлы ауданның белсенді жастарымен кездесті.
Кездесу барысында Әл-Фараби ауданындағы жастар саясатын жүзеге асыру барысы туралы баяндалды.
Аудан әкімінің орынбасары жастар арасында қозғалып жүрген өзекті мәселелер мен ұсыныстарды тыңдады. Жастар талқылауда белсенділігін көрсетіп, көптеген ұсыныстар мен пікірлер айтылды.
Кездесу барысында Әл-Фараби ауданындағы жастар саясатын жүзеге асыру барысы туралы «Жастар ресурстық орталағының» директоры Исахов Мағжан Шыңғысұлы баяндама жасады.
Әл-Фараби ауданының әкімі Рашид Мыңбаев: «Біліммен қатар тәрбие де жүру қажет. Қазіргі жастар қазақтың салт-дәстүрін ұмытпау керек. Кезінде әл-Фараби: «Тәрбиесіз білім – адам баласына жат» деп бекер айтпады. Өз-өзіңді дамытуды, алған біліміңді жетілдіруді үнемі жалғастырып отыру керек, сонда ғана көздеген мақсатыңа жетесің.» – деді. Мәдениет саласы бойынша кез келген ұйыммен жұмыс жасау үшін үлкен еріктілерді талап етеді. Ең бастысы білімдерінін жақсартуды, өз еліне деген құрметтілікті талап етеді.
• Қала бойынша үлкен бір еріктілер ұйымын ашып, барлық еріктілер ұйымы сол ұйыммен бірлесе жұмыс жасау;
• Саябақтарда жастарға арналған мәдени концерттер ұйымдастыру;
• Аудан жастары әр ай сайын қарттар үйінде, балалар үйінде, саябақтарда тазалық жұмыстарын ұйымдастыру;
• Тарихи мұражайларға экскурция жасау.
Балтабай Оспанұлы Әл-Фараби аудан әкімі аппаратының ғимаратымен жастарды таныстырып, Әл-фараби ауданының құрылуын және тарихын кеңінен таныстырып өтті.
Мегаполис жастары бүгінгі күн мен болашаққа нық сеніммен қарауы жəне жан-жақты жарасымды жетілуіне, қаламызды дамуына, көркейуіне жастардың ерекше қолдауы және жауакершілігі жоғары екендігін айтып, жастардаң барлық оң бастамаларын қолдайтынын жеткізді.