0.3 C
Шымкент
Пятница, 22 ноября, 2024
Smarttop.kz

СОЛТҮСТІК САЯЖАЙДЫҢ 1149 ШАҚЫРЫМЫНА ЭЛЕКТР ЖЕЛІСІ ТАРТЫЛДЫ

Шымкент қаласы тұрғындарын сапалы электр қуатымен қамту үшін желі тарту жұмыстары жалғасуда. Солардың бірі, Абай ауданына қарасты Солтүстік саяжай шағын ауданында электр желісі 90%-ға тартылды. Ал жұмысты толық 100% аяқтау қыркүйек-қазан айларына дейін жоспарланған. Жұмыс біте салысымен «ОңтүстікЖарықТранзит» ЖШС тарапынан абоненттеу жүргізілетін болады.Электр желісі — электр энергиясын өндірілетін орындардан (мысалы, электр ст-нан) тұтынушыларға жеткізуге әрі оларға бөліп таратуға арналған құрылғылардың (трансформаторлық және қосалқы тарату ст-ларының, аспалы және кабельдік желілердің) жиынтығы.

Қазіргі электроэнергетикада аса жоғары кернеулі электр берілістер үлкен рөл атқарады, себебі ол ірі электр станциялардан қуатты таратуды қамтамасыз етеді және еліміздің жалпы энергожүйесіндегі байланыстырушы бөлігі болып табылады.

         Қазіргі электроэнергетикада электр беріліс желілерінің екі түрін бөліп алуға болады: алыс қашықтыққа жоғары қуатты тарататын магистралды электр берілістер және тұтынушыға тікелей электрэнергиясы бойымен тарайтын үлестіруші желі жолдары. Қазіргі кезде, алғашқы электр берілістердің пайда болуынан бастап 100 жыл өткен соң, олардың құралымына және электрлік сипаттамасына көптеген өзгерістер енді.

         Электр берілістердің кернеулері және қуаттары үзіліссіз өседі. Қазіргі кезде кернеулері 1150 кВ айнымалы токта, 1500 кВ тұрақты токта электр берілістері құрылып жатыр және де бұдан да жоғары кернеуге есептелінген электр берілістердің жобалары жасалуда. Электр энергиясы берілетін қашықтықар 1000 км-ден асып жатыр.  Электр энергетикасының дамуындағы ең басты көрсеткіші электроэнергиясын өндіру шоғырламасы болып табылады. Агрегаттардың бірлік қуаты 1,2-ден 2-2,5 млн. кВт-қа дейін өсуі күтілуде. Турбогенераторлардың 4 полюсті өкілдігі бар, ал олардың номинал кернеуі 30-33 кВ шамасына дейін жетеді. Электр станциялардың бірдей қойылған қуаты 8-10 млн.кВт-қа дейін жетуі мүмкін. Мұндай үлкен құрылғылардан қуатты тарату үлкен мәселеге айналуы мүмкін.

         Электр энергиясын өндіру сферасының дамуының екінші көрсеткіші жалпы құрылымдағы атомдық электр станциялар санының өсуі болып табылады. АЭС дамуы қашықтыққа электр энергиясын тасымалдауды дамыту қажеттілігін жоя алмайды. Орталықтандырылған электр берілістің экономикалық тиімділігі құрылып жатқан АЭС-тердің құрылған электр жүйелерімен байланыс мәселесін шешуге мәжбүр етеді.

Айтып өтейік, мұндағы құрылыс былтыр басталған еді. Бүгінге дейін 4737 электр бағанасы және 52 трансформатор орнатылып, 1149 шақырымға желі тартылды.

Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

Ұқсас ақпараттар

«Гашиш» есірткісін заңсыз сақтаған жас жігіт ұсталды

smarttop

ШЫМКЕНТТІКТЕР СУРДЛИМПИАДА ОЙЫНДАРЫНЫҢ КҮМІС ЖҮЛДЕГЕРІН КҮТІП АЛДЫ

smarttop

МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫ ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫНЫҢ ХАЛҚЫМЕН КЕЗДЕСТІ

smarttop

Пікір қалдыру