12.3 C
Шымкент
Воскресенье, 24 ноября, 2024
Smarttop.kz

БАЛАЛАРДЫҢ ТЕРЕЗЕДЕН ҚҰЛАП КЕТУІНІҢ АЛДЫН АЛУ БОЙЫНША АРНАЙЫ АКЦИЯ ӨТТІ

Қазіргі таңда балалардың ашық терезеден құлап кету жағдайлары өзекті мәселенің бірі. Балалардың терезеден құлауының негізгі себептері — балаларды қараусыз қалдыру, терезеде қарапайым қауіпсіздік құралдарының жоқтығы және тағы басқалар.
Осы орайда “Наурыз” алаңында қала тұрғындары арасында көпқабатты тұрғын үйлердің терезелерінен балалардың құлау жағдайларының алдын алу бойынша арнайы акция өтті. Шымкент қаласы ТЖД қызметкерлері еріктілермен бірлесіп “Балалардың терезеден құлап кету қауіпсіздігі” акциясын өткізіп, көпшілікке үндеу тастады.
Iс-шараның негізгі мақсаты — балалардың терезеден құлауын болдырмау, ата-аналарға балалардың құлауының алдын алу қауіпсіздігін насихаттау.
Шымкент қаласы Төтенше жағдайлардың алдын алу бөлімінің бастығы, азаматтық қорғау подполковнигі Ирисмат Махмудовтың айтуынша, шаһарда биыл балалардың терезеден құлап кету 5 жағдайы тіркелген.

Баланың терезеден құлауына байланысты жазатайым оқиғаны болдырмау үшін келесі ережелерді ұстану қажет:

— Пәтерде несесе үйде терезелерді ашқан және бөлмені желдеткен кезде баланың қараусыз қалмағанына көз жеткізіңіз. Желдету кезінде фрамугалар мен форточкаларды ашыңыз

— Балаларға балконға ересектердің еріп жүруінсіз шығуға рұқсат бермеңіз;

— Ешқашан ұйықыдағы баланы пәтерде немесе үйде жалғыз қалдырмаңыз. Бала оянып ашық терезеге келуі мүмкін

— Барлық жиһазды, соның ішінде кереуеттерді, терезеден алыс орнатыңыз. Бұл баланың терезеге кездейсоқ құлауын алдын алуға көмектеседі.;

— Терезенің ашылғанын балаға көрсетпеңіз. Кейін ол терезені өз бетімен ашуға үйренген сайын, оның пәтерде немесе үйде болуы қауіпсіз болады.;

— Баланың терезеге мінуі үшін немесе балконнан көшеге қарау үшін аяқ астына орындықты немесе өзге де құралдарды қоюға үйретпеңіз.

Ирисмат Бақтиярұлы балалардың қауіпсіздігі ата-аналардың тікелей міндеті екенін айтып, бұл жағдайға немқұрайды қарамауға шақырды.
Акция барысында Департаменттің әйел қызметкерлері арнайы дайындалған плакаттарымен үндеу жасады. Іс-шарада баланың періштесі ата-аналар екенін түсіндіру мақсатында шағын қойылым көрсетілді.
«Шымкент келбеті»

Ұқсас ақпараттар

Назар аударыңыз! «111» бірыңғай мемлекеттік байланыс нөмері іске қосылды

smarttop

Түркістан облысында діни әдебиеттерді заңсыз сату дерегі анықталды

smarttop

РЕТСІЗ САУДАҒА БАҚЫЛАУ КҮШЕЙДІ

smarttop

Пікір қалдыру