4.3 C
Шымкент
Пятница, 22 ноября, 2024
Smarttop.kz

ТАТУЛЫҚ, БІРЛІК, КЕЛІСІМ — БАСТЫ ҚҰНДЫЛЫҚ ЕЛ ҮШІН

Бүгін «Жалпыұлттық бірлік – қуатты мемлекет болудың басты кепілі» атты тақырыпта Шымкент қаласы жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасының «Өмірлік қиын жағдайға түскен адамдарды әлеуметтік бейімдеу орталығы» мекемесінің қызметкерлерімен жиын өтті.

Кездесуге қалалық ішкі саясат және жастар істері жөніндегі басқармасы «Қоғамдық келісім» мекемесінің бөлім басшысы А.Исаева қатысты. Ол ұлттық бірегейлік пен Қазақстан халқының бірлігін, тұрақтылығын сақтауға бағытталған тақырыпта баяндама жасап, қоғамдағы татулық пен ынтымақтастықтың маңыздылығына тоқталды.

Халқымыз руға, жүзге бөлінгендіктен, олардың арасындағы татулық, беріктік, бірлік тәрізді түсініктер аса маңызды болған. Қазақ би-шешендері, бай-батырлары саналы ғұмырын халқын бірлікке, татулық пен ынтамақтастыққа шақырумен болды. Халқымыз өзінің ынтымақтастықты барлығынан жоғары қоя білгендігінің арқасында ғана үлкен жеңістерге жеткен, жоңғардың шапқыншылығына төтеп бергенін ұмытпағанымыз жөн. Осындай ірі тарихи оқиғалар, яғни, ауызбіршіліктің арқасында жеңіске жетуі тәрізді халық басынан өткен тарихи мысалдар қазақ халқының жадында үлкен құбылыс болып қалды. Ал бұл өз кезегінде халық танымында «ауызбіршілікке жетсең ғана жауыңды жеңе аласың, бейбіт өмірге қол жеткізе аласың» деген  тарихи сана қалыптасып, ұлттың сананың өшпес жадына айналған.

Тәуелсіздік кезеңіндегі табыстарға береке-бірліктің арқасында ғана қол жетті. Бұл-егемен еліміздің баға жетпес байлығы. Сондықтан бұл қастерлі құндылықтар әрдайым айнымас темірқазығына айналған. Ал ішкі саяси тұрақтылық — әрбір қазақстандықтың зор жауапкершілік пен белсенділік танытуының нәтижесі.

Жиынынға қатысушылар да осы құндылықтар жөнінде өз ойларын жеткізіп, пікір алмасты.

Шымкент қаласының Ақпараттық-коммуникациялық орталығы

Ұқсас ақпараттар

ЕКІ АУДАНДЫ ЖАЛҒАП ТҰРҒАН АСПАЛЫ КӨПІР ҚАЙТА ЖАҢҒЫРУДА

smarttop

1 МАМЫР МЕРЕКЕ ҚАРСАҢЫНДА АССАМБЛЕЯ МҮШЕЛЕРІ АҒАШ КӨШЕТТЕРІН ОТЫРҒЫЗДЫ

smarttop

БЕС ЖЫЛДА 4,6 ТРЛН. ТЕҢГЕ ИНВЕСТИЦИЯ ТАРТУ ЖОСПАРЛАНУДА

smarttop

Пікір қалдыру