13.3 C
Шымкент
Пятница, 20 сентября, 2024
Smarttop.kz

ЖАТТЫҚ, ШЫНЫҚ, ҚАЛЫПТАС

Адамдардың дені сау болуы салауатты өмір сүруді қалыптастырумен тікелей байланысты. Бұл ретте спорттың да алатын орыны ерекше. Осыған байланысты Шымкент қаласы ішкі саясат және жастар істері жөніндегі басқармасының қолдауымен жастар арасында салауатты өмір салтын қалыптастыруға бағытталған біраз жобалар іске асып келеді. Солардың бірі жақында «Fitness park kz» жобасы іске қосылды.

Салауатты өмір сүрудің, тазалықты сақтаудың белгілі ережелерін білмейтін де жан кемде-кем. Тіпті ол мектеп бағдарламасына да енгізілген. Бірақ оған көпшілігіміз күнделікті өмірде аса мән бермейміз. Неге? Оның басты себебі, өз бойымызда қалыптасып қалған жалқаулық жеңетін күш-жігердің әлсіздігі. Бұл әлсіздікке мойынбас үшін күнде таңертеңгілік уақытта 20-30 минуттай ертерек тұрып шама келгенше жүгіріп, секіріп әртүрлі қимыл-қозғалыс жаттығуларын жасап соңынан салқын сумен шайынып денені шынықтыруға болады ғой. Бірақ көпшілігіміз жас кезімізде бұл мәселеге көңіл бөлмей есейген соң жалқаулықтың құрсауынан босай алмай, жасымызға жетпей қартайып, әртүрлі созылмалы ауруларға шалдығып, қайғы-қасірет пен өлім қорқынышынан қалтырап күн өткіземіз. Денсаулығымыз мықты болу үшін мынадай төрт шартты бұлжытпай орындау қажет. Олар: дене еңбегі, тамақты уақтылы ішуді, уақытты дұрыс пайдалану, шынығу және демала білу. Оның бесінші шарты — бақытты өмір сүру!

Жастар үшін тағы бір арнайы айта кететін кеңесңім бар. Спортпен айналысу денсаулықты жақсартады. Спорттың ең қарапайым түрі — жүгіру. Күн сайын таңертен үйдің маңайында, саяабақта, алаңда жарты сағаттай жүгіру қажет. Егер, жүгіруге дәрігер рұқсат етпесе таңғы таза ауада серуендеуге болады. Сондай-ақ әртүрлі жаттығулар жасауға болады.

Жоба аясында спорттың барлық түрі қамтылған. Бір жақсысы оған тегін қатысып, түрлі жаттығулармен айналысуға болады. Аталмыш жоба қазан айының соңына дейін жалғасады.

Спорттық жобаны өткізуге Олар — Металлург, Орталық, Жеңіс және дедросаябағы таңдалынып алынды. Жаттығуды білікті нұсқаушылар мен жаттықтырушылар жүргізеді. Жастарға қолайлы болу үшін барлық жағдай қарастырылған.

Ұқсас ақпараттар

ҚЫЗ ТӘРБИЕСІ — ҰЛТ БОЛАШАҒЫ

smarttop

МЕДИА САЛАСЫНЫҢ ӨКІЛДЕРІ ЕЛІМІЗДІҢ ЖЕТЕКШІ ӨНЕРКӘСІПТІК КӘСІПОРЫНДАРЫНА ШАҚЫРЫЛАДЫ

smarttop

«ХАЛЫҚ ҚАТЫСАТЫН БЮДЖЕТ»: тұрғындардың өтініші ескеріледі

smarttop

Пікір қалдыру