0.3 C
Шымкент
Пятница, 22 ноября, 2024
Smarttop.kz

АЙБАРЛЫ АТА ЗАҢЫМЫЗ — ЕЛДІҢ БАСТЫ САЯСИ-ҚҰҚЫҚТЫҚ ҚҰЖАТЫ

Шымкент қаласында 30 тамыз – ҚР Конституция күніне орай түрлі іс-шаралар өтуде. Солардың бірі «Жастар ресурстық орталығы» КММ-і және М.Әуезов атындағы ОҚУ жастар орталығының ұйымдастыруымен «ХХІ ғасырдың конституциясы – құқық үстемдігі, адамның құндылығы және мемлекеттің тиімділігі» тақырыбында конференция болып өтті.
Конференцияға Шымкент қаласы «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің басшысы Мағжан Исахов, Шымкент қалалық прокуратурасының 3 басқарма бастығының орынбасары Батыр Ергешов, Шымкент қаласы Полиция департаменті кадр саясаты басқармасы бөлімше бастығы полиция подполковнигі Қанат Сапарбеков, Шымкент қаласы Полиция департаменті Қаратау ауданы полиция басқармасы кадр саясаты бөлімшесінің бастығы полиция капитаны Бағлан Мырзабаев және қаламыздың белсенді жастары қатысты.
Конституция – мемлекеттің ең жоғары заң күші бар Негізгі Заңы. Ата заңымызға ұсынылған өзгерістерді азаматтардың басым көпшілігі қолдады. Референдум жоғары деңгейде өтті. Қастерлі Тәуелсіздігімізді, ел бірлігін және қоғамдық келісімді нығайту – біздің негізгі міндетіміз. Бұл реформалар құр атақ-абырой үшін қолға алынған жоқ. Мұның бәрін Президентіміз Жаңа, Әділетті Қазақстан құру үшін жасады. Президентіміз жолдауында ел дамуы үшін мәні зор саяси реформалар жариялады. Онда билік тармақтарының өкілеттігінен бастап, азаматтардың құқығын қорғауға дейінгі барлық мәселе қамтылған. Жастар «Жаңа Қазақстанның» келешек келбетін қалыптастыруда. «Жаңа Қазақстан» дегеніміз – барлық адамға тең мүмкіндік беру, экономика мен саясаттағы жасанды монополияларды жою, елдің саяси өміріне белсене араласатын мықты азаматтық қоғамы бар тиімді әрі өркениетті мемлекет құруға әрбір жасты өз үлесін қосуға шақыру.
Конференция соңында орталық басшысы Мағжан Шыңғысұлы «Бірлігі бекем ел озады» дегендей, Президентіміз Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың ел игілігі жолындағы жауапты жұмысты бірге атқаруға жастарды шақырды. Сондай-ақ жастарда өз ой-пікірлерімен бөлісіп, сұрақтарына жауап алды.

Ұқсас ақпараттар

№12 ҚАЛАЛЫҚ ЕМХАНА ЖАҢА ҒИМАРАТПЕН ТОЛЫҚТЫ

smarttop

ШЫМКЕНТТІК СПОРТШЫЛАР 6 АЙДА 500 АЛТЫН МЕДАЛЬГЕ ИЕ БОЛДЫ

smarttop

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСТЫҚ МӘСЛИХАТЫНЫҢ КЕЗЕКТЕН ТЫС ҮШІНШІ СЕССИЯСЫ ӨТТІ

smarttop

Пікір қалдыру