16.3 C
Шымкент
Пятница, 20 сентября, 2024
Smarttop.kz

ҚАЙНАРБҰЛАҚТЫҚТАР САПАЛЫ АУЫЗ СУМЕН ҚАМТЫЛАДЫ

Қаратау ауданына қарасты Қайнарбұлақ тұрғын алабында ауыз су құрылысы жүргізілуде. Құрылыс жұмыстары 2023 жылы аяқталып, пайдалануға беріледі.

Аталған аймақта тұрғындармен жеке  ауыз су тұтынушылары бар.Тұрғындардың айтуынша ауыз су құбырларымен қамтасыз етіле бастаған. Естеріңізде болса бұл аймақта ауыз сумен қамту бойынша бірнеше шақырым су жүйелерінің құрылыс жұмыстары  басталған болатын. Қәзіргі таңда ауыз су жүйесінің құрылысы аяқталып, тұрғындарға сапалы ауыз су ретімен тұрғын үйлерге беріліп басталды.   Қала коммуналдық меншігіне осы желілерді аударуға тура келеді. Көптен күткен су мәселесі шешімін тапқаны үшін өз қуаныштарымен бөліскен жергілікті тұрғындар, әкімдік пен халық қалаулыларына ақ батасын беріп алғысын білдірді. Халықты сапалы ауыз сумен қамту ең маңызды әлеуметтік мәселенің бірі. Сондықтан тіршілік көзін қолжетімді ету үшін бар күш жігер салу керек.  Ендігі кезекте тежелмей алдағы жылдары ауыз сумен облыс жұртшылығы 100 пайыз қамтылу керек деген маңызды меже мақсат етілді.  Қалада сапалы ауыз сумен қамтамасыз ету  күн тәртібіндегі өткір мәселелердің бірі екені даусыз. Тіршілік нәрінсіз ілдәлдалап күн көріп  отырған  ауылдағы халықтың мұң-зары билік басындағылардың  да құлағына тиіп, осы бағытта оң шараларды жүзеге асыру үшін қазына қаражаты қарастырыла бастады. Халық  игілігіне жұмсалатын мемлекет қаражаты болғанымен оның да сұрауы бар.

Естеріңізге сала кетейік әрбір үйге дербес шот ашу үшін жер телімінің мемлекеттік актісінің көшірмесін және жәке куәлігінің көшірмесін сол аймақты құрылыс жүргізген мекемесіне ұсыну қажет. Мекеменің осы су құбырларын жүргізіп жатқан аймақпен ғана іске асырылатын жеткізді.Бекітілген жобаға сәйкес, 329,8 шақырым ішкі орамдық су жүйелері тартылады. Қазіргі уақытта 40 шақырым су құбыры тартылып, құрылыстың 15 пайызы аяқталды.
Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі
Фотоға түсірген Береке Сейітжаппар

Ұқсас ақпараттар

ДЕНСАУЛЫҚҚА ЗИЯНДЫ ЖҰМЫС ҮШІН ӘЛЕУМЕТТІК ТӨЛЕМ БАР

smarttop

М.ӘЙТЕНОВ МАЖАРСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ӨКІЛЕТТІ ЕЛШІСІМЕН КЕЗДЕСТІ

smarttop

«АШЫҚ ӘКІМДІКТЕ» ТҰРҒЫНДАРДЫҢ ӨТІНІШТЕРІ ТЫНДАЛДЫ

smarttop

Пікір қалдыру