ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайылов бүгінгі Үкімет отырысында еліміздің соңғы 9 айдағы әлеуметтік-даму қорытындысын жасау барысында Шымкент барлық сала бойынша оң өсімді сақтап, елімізде көш бастап тұрған өңірлер қатарында екенін айтып өтті.
• Өнеркәсіп өнім көлемі 666,4 млрд.теңге жетіп, нақты көлем индексі 106,7 пайызды құрады. Оның ішінде, өңдеу өнеркәсібі – 108,1 пайыз болып отыр. Шымкент – шығыс мәдениетінің бар кереметін жиып, сақтаған қазыналы қобдиша іспеттес. Шаһар тіл үйірер тағамдарымен және Ұлы Жібек жолының жұрнағындай болған шығыс базарларымен ерекше тартымды. Республикалық маңызға ие қала атанған Шымкент ендігі жерде еліміздің қаржылық, экономикалық және мәдени орталығына айналуы тиіс. Біз өз қаламызды еңбек ету мен демалуға, өмір сүруге қолайлы, қауіпсіз әрі табысты шаһар еткіміз келеді.
• Инвестиция көлемі 327,9 млрд.теңге болып, 20 пайызға артты.
Оның ішінде, мемлекеттік бюджеттен 80,3 млрд.теңге, жеке көздерден 247,6 млрд.теңге.
Ресми деректер бойынша облыс халқының ұлттық құрамы (2021 жылғы қаңтардағы жағдай бойынша): қазақтар (68,2%), өзбектер (17,5%), орыстар (8,6%), әзірбайжандар (1,7%), татарлар ( 1%, басқа этностар – 1%-дан аз.
• Құрылыс жұмыстарының көлемі 131,4 млрд.теңге немесе 139,7 пайызды құрады.
• Пайдалануға берілген тұрғын үй көлемі 507,1 мың шаршы метр немесе 127 пайыз болды.
• Жалпы сауда көлемі 140,1 млрд.теңге болып, нақты көлем индексі 12,9 пайызға артты. Оның ішінде, бөлшек сауда 417,9 млрд.теңге, нақты көлем индексі 111,5 пайыз, көтерме сауда 944,3 млрд. теңге, 113,4 пайыз.
• Жалпы көлік көлемі 224,3 млрд. теңге болып, 107,9 пайызды құрады.
Жолаушылар айналымының нақты көлем индексі өткен жылдың сәйкес кезеңіне 0,8 пайызға, жүк айналымы 3,2 пайызға артты.
• Байланыс қызметі 5 724,9 млн. теңгені немесе 4,6 пайызға артты.
Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі