0.3 C
Шымкент
Пятница, 22 ноября, 2024
Smarttop.kz

ЖОЛДАУ АЯСЫНДА ТАССАЙЛЫҚТАРМЕН КЕЗДЕСУ ӨТТІ

ҚР Президентінің Жолдауы аясында Тассай елді мекені тұрғындарымен кездесу ұйымдастырылды. Шымкент қалалық мәслихатының депутаттары Жадыра Таңатарова мен Қайрат Имашев Мемлекет басшысының Жолдауын жүзеге асыру мәселелерін талқылап, басым бағыттарға тоқталып өтті.
Жиында жаңа экономикалық саясат, саяси реформалардың мәні, әлеуметтік даму мәселелері айтылды. Халықтың денсаулығын нығайту, білім саласы мен жастарды қолдау, кәсіпкерлікті дамыту мәселелері талқыға түсті. Президент наурыз айының ортасында Қазақстан халқына арнаған Жолдауында саяси реформалардың ауқымды бағдарламасын ұсынғанын еске салды. Сонымен қатар бірден Конституцияға енгізілетін өзгерістер мен толықтырулардың жобасын дайындау жөнінде ауқымды жұмыс басталғанын, онсыз жоспарланған саяси реформаларды тиімді жүзеге асыру мүмкін емес екенін атап өтті.

«AMANAT» партиясы еліміздің жетекші саяси күші ретінде Мемлекет басшысының саяси және әлеуметтік-экономикалық бастамаларын толық қолдайды. Президенттің Жолдауда ұсынған барлық реформалары – бұл елдің жаңа жағдайда дамуына тың серпін беретін жеткізді.

«Жолдауда Президент әдеттегідей, қазақстандықтардың ең өзекті сауалдарына нақты жауабын берді. Бұл бастау алған саяси өзгерістердің жалғасы. Президенттің сөзі мен ісі бір жерден шығатынының тағы бір дәлелі – осы. Алдағы сайлау науқандарының кестесі жарияланды. Мемлекет басшысы Президент мандатын қысқарту және ұзақтығы 7 жылдық бір мерзіммен шектеу жөнінде бастама көтерді. Бұл – биліктің барлық деңгейінде қабылданатын шешімдеріне қатысты. Президенттің пайымынша, азаматтардың дауысы үшін бәсеке күшейіп, саяси үдерістердің қарқыны мен мазмұны өзгереді.

Жиын соңында барша тұрғындар Жолдауды қолдайтындарын жеткізді. AMANAT партиясы Шымкент қаласы филиалы өкілдері, мәслихат депутаттарының тұрғындармен кездесулері одан әрі жалғасуда.

Ұқсас ақпараттар

ҮКІМЕТ БАСШЫСЫ: “ШЫМКЕНТТІҢ ӨНЕРКӘСІП АЙМАҚТАР ҚҰРУ ТӘЖІРИБЕСІ БАРЛЫҚ ӨҢІРДЕ ҚОЛДАНЫЛАДЫ”

smarttop

ШЫМКЕНТТЕ 2 БАҒДАРҒА ЖАҢА АВТОБУС ҚОСЫЛДЫ

smarttop

МЕМЛЕКЕТТІК БЮДЖЕТТЕН БӨЛІНГЕН СУБСИДИЯ НЕГІЗІНДЕ «ҚУАТЖЫЛУОРТАЛЫҚ-3» МЕКЕМЕСІНІҢ ҚЫЗМЕТТЕРІНЕ ТАРИФТЕР ТӨМЕНДЕТІЛДІ

smarttop

Пікір қалдыру