4.3 C
Шымкент
Пятница, 22 ноября, 2024
Smarttop.kz

ГЕОАҚПАРАТТЫҚ ПОРТАЛДА 6 ҚЫЗМЕТ ЖҰМЫС ЖАСАУДА

ҚР Президентінің Жолдауын және «Цифрлық Қазақстан» бағдарламасын жүзеге асыру мақсатында әзірленіп жатқан геоақпараттық жүйесінің жұмысы аяқталуға таяп қалды. Қазірдің өзінде мемлекеттік қызметтер мен сервистер, жылжымайтын мүліктердің бірыңғай кадастры порталмен байланыстырылған. Мемлекет басшысының Қазақстан халқына арнаған жол­дауы еліміздің әл-ауқатын арт­­тыруға бағытталған маңыз­ды қадамдардың бірі деп санай­мын. Жас буын өкілі ретін­де, әсіресе, «Цифрлы Қазақ­стан» бағдарламасы үшін ерек­ше қуаныштымын. Себе­бі, бола­шақ технологияға бай­ла­нысты, тех­нологиялық тұр­ғы­­да дамуға қол жеткізу бас­қа са­ла­ларға да серпін бере­ді. Со­ны­мен қатар, IT бағ­дар­лама­лар шығындарды азай­тып, уақыт­ты үнемдеуге көмек­тесе­ді, адам­дар өзара ақпарат, тауар және қызмет түрлерін алмаса алатын болады.
Геопорталда 16 мемлекеттік қызмет қаралған болса, бүгінде оның 6-ы іске қосылған. «Оpenmap.geo-shym.kz» деп аталатын ақпараттық жүйеге картографиялық қызметті әзірлеу (ашық және кезекші карта), аэрофототүсірілім жүргізу, ортофотожоспар, жерді пайдаланудың бұзылуына мониторинг жүргізу, векторлық карта-схеманы құру және қаладағы нысандардың электронды төлқұжаттары енгізіліпті. Бұл қызметтер тұрғындардың қолдануына оңтайлы етіп жасалған.
–Аймақтық ақпараттық жүйеге осы жылдың қазан айына дейін қала тұрғындары мен заңды тұлғалардан 300 ұсыныс келіп түсті. Бүгінге дейін оның 183-і порталға енгізілді. Қалған ұсыныстар қаралу үстінде, – деді Ақтілек Бекболатұлы.
Айта кетсек, ақпараттық портал арқылы қала тұрғындары қажетті мекенжайлар мен жер телімдерін, қаланың Бас жоспарындағы мәліметтерді біле алады. Жобаны толығымен пайдалануға беру мерзімі жыл соңына дейін жоспарланып отыр.

Ұқсас ақпараттар

Хабарландыру

smarttop

«ТАЗА ҚАЗАҚСТАН»: РЕСПУБЛИКАЛЫҚ АКЦИЯҒА ШЫМКЕНТТІКТЕР БЕЛСЕНДІ АТСАЛЫСУДА

smarttop

ШЫМКЕНТТІК ДӘРІГЕРЛЕР ЖҮКТІ ӘЙЕЛДІҢ ӨМІРІН САҚТАП ҚАЛДЫ

smarttop

Пікір қалдыру