0.3 C
Шымкент
Пятница, 22 ноября, 2024
Smarttop.kz

ЖЫЛУ БЕРУ ЖҮЙЕСІНІҢ ЖҰМЫС ЖАСАУЫН ТЕКСЕРУДЕ

Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтеновтің төрағалығымен жылу беру маусымына дайындық бойынша кезекті жиын өтті.  Жылу беру маусымына деген дайындықтың қалай жүріп жатқанын қадағалауды ұсынды.

Қала бойынша  орналасқан «3-Энергоорталық» АҚ-дағы 2 турбина, 3 қазандық ағымдағы, транформаторларды тексерістен өткізіп, жөндеуге жіберілді. Қалған 3 бойлерді күрделі жөндеу 82%, қосалқы жабдықтарды ағымдағы жөндеуі 95%-ға орындалып, қалған жұмыстар 10 күн ішінде аяқталады. Барлық трансформаторлардың жағдайын жақсартуды қолға алды.

«Қуатжылуорталық-3» МКК-ға қарасты 15 жылу қазандықтың 13-і дайын. Қалған 2 қазандық дайындық үстінде. 17 сорғы стансалардан 15-і дайын, қалған екеуінде дайындық жұмыстары жүргізілуде. Қаладағы дайындық жұмыстарын жоғарылату деңгейінде жылу жүйелерін қадағалауда.

Жылу жүйелерінің тозу деңгейін төмендету мақсатында 19,4 км жылу жүйелеріне ағымдағы жөндеу жүргізіліп, бүгінге дейін 97% орындалды.
1987 көпқабатты тұрғын үйдің 93,7% яғни, 1863 үй жылыту маусымына дайын. 124 көпқабатты тұрғын үйде жұмыстар жалғасуда.
Қалада 484 бюджеттік мекеме бар. Олар 99% дайын. Жалпы қала бойынша алдағы жылу беру маусымына дайындық жұмыстары толыққанды шешім табуға жақын екендігін жетізді. Тіпті алдағы жылу беру маусымына дайындық жұмысын ұйымдастыру үшін арнайы қалалық штаб құрылып, дайындық жұмысын жүйелі жүргізуге көшкен. Барлық іс-шара бекітілген кестеге сәйкес жоспарлы түрде жүзеге асып, жіті қадағалануда.
Қала тұрғындарының көмірге қажеттілігі 66 мың тонна, бүгінгі күнге дейін қалаға 114,0 мың тонна көмір тасымалданған, қоймаларда 25 мың тонна көмір қоры бар. Инфрақұрылым жүйелерінің дайындығы 90 пайызды құрап отыр.
Қала әкімі М.Әйтенов қыс мезгілінде тұрақты және сапалы жылу берудің маңыздылығына тоқталып, тиісті сала басшыларына есептегі сандық көрсеткіштерді жіті тексеріп, істен шығу қауіпі бар нақты нүктелерді анықтауды тапсырып отыр .
Аяқталмаған күрделі жөндеу жұмыстарын қадағалап, қыркүйектің соңына дейін аяқтауды жүктеді.
Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

Ұқсас ақпараттар

ҚАЛА ӘКІМІ БІЛІМ ОШАҚТАРЫНДАҒЫ МӘСЕЛЕЛЕРДІҢ ШЕШІЛУ ЖОЛДАРЫН ҚАРАСТЫРДЫ

smarttop

АБАЙ АУДАНЫ: ӨТКЕН ЖЫЛЫ 42 МЫҢ ТОННА ӨНІМ ЖИНАЛДЫ

smarttop

АБАЙ КҮНІ : АҚЫННЫҢ ШЫҒАРМАШЫЛЫҒЫ ДӘРІПТЕЛДІ

smarttop

Пікір қалдыру