6.3 C
Шымкент
Пятница, 22 ноября, 2024
Smarttop.kz

ЖОЛДАУ БАҒЫТЫНДАҒЫ ҮН ҚОСУ

Шымкент қаласының Әл-Фараби кітапханасында зиялы қауым өкілдері Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Әділетті мемлекет. Біртұтас ұлт. Берекелі қоғам» атты Жолдауын сөз етті. Жиынға қатысушылар өз ойымен бөлісіп, Жолдауда айтылған әр бағытты кеңінен тарқатты.
«Аманат» партиясының Қаратау ауданы филиалының атқарушы хатшысы Әбдез Рахманұлының айтуынша, бұл жолғы Жолдауда халықтың әлеуметтік мәселесі мен балалардың болашағын инвестициялаудың тың әдістері ұсынылды. Сонымен бірге алдағы кезектен тыс сайлаудың маңыздылығына тоқталды.
– Маусым айында жалпыхалықтық референдумда заңға өзгеріс енгізу үшін дауыс бердік. Көп ұзамай ең алғашқы өзгеріс Президент Жолдауында көрініс тапты.
Мемлекет басшысы жер мен оның қойнауындағы байлық халыққа тиесілі екенін атап өтті. 2024 жылдан бастап Ұлттық қордың инвестициялық түсімінің 50 пайызы балалардың жеке шотына аударылып отыратын болды. Болашақта осы қаржыны 18-ге толған әрбір жас сапалы білім мен баспана алуға жұмсайды. Бұл өркениетке бет алған ел үшін өте дұрыс шешім. Әлемдік тәжірибеде 5 жыл жұмыс істеген компанияға ел сеніммен қарайды екен. Ал, мемлекеттік басқаруда Ұлттық деңгейдегі жобаларды жүзеге асыруға 7 жыл қажет екенін сарапшылар айтуда. Елімізде Президент тек 1 рет 7 жылға сайлануы да халықтың әл-ауқатын көтеріп, экономиканы дамытуға жеткілікті деп ойлаймын, — деді Ә.Рахманұлы.
Ал, Әл-Фараби атындағы кітапхананың директоры Анар Жаппарқұлова дамудың әр саласын бүге-шегесіне дейін қамтыған салмақты Жолдау болғанын жеткізді.
– Әділетті мемлекет дегенде тек құжат жүзінде орындалатын істер болатын. Қазір күннен-күнге орын алып жатқан өзгерістер мен жағымды жаңалықтардың куәсі болғаннан кейін шын мәнінде жаңа мемлекет қалыптасып жатқанына өте қуаныштымыз, — деді ол.
«Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газетерінің бас редакторы Бақтияр Тайжан биылдың өзінде көптеген игі істер іске асырылып, халыққа қолайлы орта қалыптасқанын айтты.
–Әлемде жер көлемі жағына 9 орында тұрған елімізде мал шаруашылығы ақсап тұрғаны жасырын емес. Етті Бразилиядан импорттаудың өзі осыған дәлел. Биыл Президенттің тапсырмасына сәйкес игерілмей жатқан ауыл шаруашылығы мақсатындағы 2,9 миллион гектар жер мемлекет иелігіне қайтарылды. Осы жылдың соңына дейін 5 млн. жерді қайтару жоспарланып отыр. Келесі жылдың соңына дейін Мемлекет басшысы тағы 10 млн. гектар игерілмей немесе заңсыз берілген жерді мемлекетке қайтаруды тапсырды. Осы қайтарылған ауыл шаруашылығы жерлері мал өсіріп отырған шаруаларға берілсе, біздің елде ет пен сүт өнімдерінің импорты тоқтар еді, — дейді Б.Тайжан.

Ұқсас ақпараттар

ДӘСТҮРЛЕР ДӘРІПТЕЛГЕН ФЕСТИВАЛЬ АЯҚТАЛДЫ

smarttop

ЖАЙЛАУ КҮНІНЕ ОРАЙ ҰЙЫМДАСТЫРЫЛҒАН КӨРМЕГЕ 1000-НАН АСА ҚҰС ҰЯСЫ ҚОЙЫЛДЫ

smarttop

ЦИФРЛАНДЫРУ БАҒЫТЫНДА МАҢЫЗДЫ ЖОБАЛАРДЫ ІСКЕ АСЫРУ КӨЗДЕЛУДЕ

smarttop

Пікір қалдыру