16.3 C
Шымкент
Пятница, 20 сентября, 2024
Smarttop.kz

РҰҚСАТСЫЗ САЛЫНҒАН ҚҰРЫЛЫСТАР БҰЗЫЛАДЫ

Заңсыз, ретсіз салынған құрылыстардың қала көркін бұзатыны айтпаса да түсінікті. Барлық құрылыс қаланың бас жоспарына сәйкес заң аясында жүргізілуі тиіс. Бірақ, әлі де құжаттарын реттемей жатып заңсыз құрылыс бастап кетушілер баршылық. Рұқсат етілген құрылыс нысаны болсын, онда заң талаптары қатаң сақталуы тиіс. Әйтпесе ол үшін жауапкершілік қарастырылған. Мәселен, қалада 259 құрылыс объектісі бойынша 629 хаттама толтырылып, әкімшілік жауапкершілікке тартылыпты. Бұл туралы Шымкент қалалық орта сапасы және бақылау басқармасының басшысы Нұрдәулет Құрбанбекұлы БАҚ өкілдеріне берген арнайы брифингте айтты.

– Жалпы қала аумағында 983 құрылыс объектілерінің құрылыс-монтаждау жұмыстары жүргізілуде. Оның ішінде: 794 құрылыс объектілерінің құрылыс процесіне қойылатын негізгі талаптары орындалған (Басқарма реестрінде тіркелген).189 құрылыс объектілерінің құрылыс процесіне қойылатын негізгі талаптары орындалмаған (атқарушы техникалық құжаттары жоқ). Басқармамен ағымдағы жылы жалпы 259 құрылыс объектілері бойынша 629 әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттамалар толтырылып, әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Ал, құрылыс сапасына қатысты 70 құрылыс объектілері бойынша 93 әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттамалар толтырылып, әкімшілік жауапкершілікке тартылды, — деді спикер.

Спикердің сөзінше, аудандарда да заңсыз құрылыстарға қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттамалар толтырылып, әкімшілік жауапкершілікке тартылған. Заңсыз құрылысқа қатысты 13 нысан бойынша сот шешімі шыққан. Оның ішінде сегіз құрылыс нысаны бойынша мәжбүрлеп бұзылып орындалған. Қалған бес нысандарды мәжбүрлеп бұзу бойынша Шымкент қаласының Әділет департаментінің атқарушылық құжаттарды орындау жөніндегі бөлімінде қаралуда. Қазіргі таңда заңсыз құрылыстарды анықтау және алдын алу бойынша 2 кезеңінде аудан әкімдіктерімен бірлесіп қала аумағын аралау барысында қосымша 98 құрылыс нысаны анықталды.

Сонымен қатар заңсыз құрылыстарды анықтау және алдын алу жұмыстарын оңтайландыру бойынша қолданыстағы Заң талаптарын бұзған қала аумағындағы заңсыз және техникалық атқарушы құжаттарсыз салынып жатқан құрылыс нысандарын оңтайлы анықтау мақсатында белгiленген тәртiппен құрылыс-монтаждау жұмыстарын жүргiзу жөнiндегi қызметтi жүзеге асырудың басталғаны туралы хабарламаларды «Өңірлік геоақпараттық жүйесі» (ГЕОПортал) мен elicense.kz электрондық порталын интеграциялау арқылы тұрақты енгізілуі және «Қазақстан Республикасының әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодексіне сәйкес, толтырылған әкімшілік хаттамалардыңда тұрақты енгізілуі бойынша жұмыстар жүргізілуде.

Осы тұста Шымкент қаласының қалалық орта сапасы және бақылау басқармасы қала аумағында рұқсатсыз салынған құрылыс нысаны заңсыз деп табылып, сот шешімі негізінде мәжбүрлеп бұзылатындығын хабарлағанын естеріңізге сала кетейік.

Егер заң талаптарын, құрылыс нормаларын сақтап құрылыс жобаларын жүргізген жағдайда, нысан заңды құрылыс болып табылады. Атап айтқанда:

— жер учаскесіне құқығы болуы тиіс (нысаналы мақсатына сәйкес);

— құрылыс жобаларын әзірлеу үшін бастапқы материалдарды алу (Сәулет-жоспарлау тапсырмасы-АПЗ);

— эскизді (эскиздік жобаны) әзірлеу және келісу (Эскизный проект);

— жобалау-сметалық құжаттамасын әзірлеу және құрылыс жобаларын ведомстводан тыс кешенді сараптамадан өткізу (Экспертиза);

— мердігермен, техникалық және авторлық қадағалаушылармен келісім-шарт жасау;

— мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауын және қадағалауын жүзеге асыратын органдарға құрылыс-монтаждау жұмыстарының басталғаны туралы хабарлау әрекеттерін орындау қажет.

Аталған талаптар сақталмай құрылыс жүргізген жағдайда ҚР «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодексінің 316 баптың 1-бөлігі, 321 бап, 463 баптың 1-бөлігіне сәйкес әкімшілік жауапкершілікке тартылады. Және 40-580 АЕК аралығында айыппұл салынатын болады.

Сондай-ақ, Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінің 244-бабына сәйкес сотқа талап арыз жолданып, сот шешімі негізінде өз бетінше салынған құрылыстың өз есебінен бұзылуына әкеп соғады.

Шымкент қаласының қалалық орта сапасы және бақылау басқармасының басшысы Нұрдәулет Құрбанбекұлы брифингте басқарма тарапынан 2022 жылдың 9 айында атқарылған басқа да жұмыстары туралы баяндады.

– Бүгінгі күні қала аумағындағы көпқабатты тұрғын үйлердің саны — 2 236. Басқару нысанын тіркеуге жататын тұрғын үйлер — 1 823, қала бойынша мүліктің меншік иелері бірлестіктері (МИБ) — 124, жай серіктестік (ЖС) — 1 699, басқару нысанын жалпы тіркелген — 1 823. Қала бойынша тіркелген басқару объектілері 100%-ды құрайды, — деді спикер.

Спикердің мәлімдеуінше, тұрғын үй-коммуналдық саласының қызметін оңтайландыру және тұрғын үй қорын сақтау мақсатында Шымкент қаласы бойынша бекітілген Заң талаптарына сәйкес, кондоминиум объектісін басқаруға және кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстауға арналған шығыстардың ең төмен мөлшері 27,3 теңге болып бекітілген.

Қазіргі қолданыстағы ҚР-ның кейбір заңнамалық актілеріне тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы заңына сәйкес Үй-жайлар (пәтерлер) меншік иелерінің кооперативтері, пәтерлер, тұрғын емес үй-жайлар меншік иелерінің тұтыну кооперативтері, тұтыну кооперативтері үшін 2023 жылғы 1 шілдеге дейін өз қолданысын сақтайды.

Сонымен қатар, ҚР Индустрия және инфрақұрылым даму министрлігінің тапсырмасына сәйкес, Республикалық «Е-Шаңырақ» ақпараттық жүйесіне көппәтерлі тұрғын үйлердің техникалық паспорттарының деректерін енгізу бойынша жұмыстар жүргізілуде.

Нұрдәулет Құрбанбекұлы, брифинг барысында қаладағы лифт мәселесіне де тоқталды.

– Қаладағы жалпы лифтілер саны — 685. Оның ішінде: тұрғын үйлерде орнатылған лифтілер — 561, денсаулық сақтау мекемелерінде — 51, білім беру басқармасына қарасты мектептерде — 23, қоғамдық орындар мен сауда орталықтарында және қонақ үйлерде — 50.

Айта кетейік, ҚР «Азаматтық қорғау» Заңының талаптарын орындалуын қамтамасыз ету мақсатында жыл басынан 88 лифтіге комиссиялық сынақтар өткізіліп, 19 лифт тіркеуге қойылды. Қазіргі уақытта жүк көтергіш құралдырын тіркеу бойынша мемлекеттік қызмет реестріне енгізіліп электронды түрде «Egov.kz» порталына қосылған. Осы құралдарды пайдаланудағы қызмет көрсетуші мекемелермен түсіндірме жұмыстары жүргізіліп, қауіпсіздік шараларының алдын алу мақсатында және лифтілерге қызмет көрсетуші мекемелердің қызметінің жауапкершілігін арттыру үшін « iKomek 109» бірыңғай байланыс орталығымен интеграцияланған.

Ұқсас ақпараттар

ТҮРКІСТАНДА БОКСТАН БЕКЗАТ САТТАРХАНОВТЫ ЕСКЕ АЛУҒА АРНАЛҒАН ХХІ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ТУРНИР БАСТАЛДЫ

smarttop

«OPEN API» ОЗЫҚ ТЕХНОЛОГИЯСЫ TOLEM ФУНКЦИЯСЫН КЕҢЕЙТПЕК

smarttop

«ШЫМҚАЛА» ТАРИХИ-МӘДЕНИ КЕШЕНІ КӨНЕ ШАҺАРДЫҢ ТУРИЗМ ТЫНЫСЫН АШТЫ

smarttop

Пікір қалдыру