16.3 C
Шымкент
Пятница, 20 сентября, 2024
Smarttop.kz

Түркістан облысының полицейлері жоғалған қарияны тауып, отбасымен қауыштырды

Түркістан қалалық Полиция басқармасына жергілікті тұрғындардың бірінен хабарлама келіп түсті. Онда ер адам, өзінің 80 жасқа таяған әкесі үйінен белгісіз бағытқа шығып кетіп, қайта оралмағанын көрсеткен. Аталған ақпарат бойынша жоғалған қарияны табу мақсатында түркістандық полицейлер жедел-іздестіру жұмыстарын жүргізді.
Тәртіп сақшылары қарияның таныс-туыстарының тізімін алып, әрқайсысымен біртіндеп байланысқа шықты. Егде жастағы тұрғынның баруы мүмкін делінген аймақтарды түгел тексерді. Барлық полиция бөлімдеріне бағытнама берілді.
Осындай қарқынды қызметтерінің арқасында із-түзсіз жоғалған қарияның жүрген жері анықталып, туыстарына аман-есен табысталды. Белгілі болғандай, қария осы уақыт аралығында Шымкент қаласындағы алыс туысының үйінде болған. Қазіргі таңда оқиғаның толық мән-жайы анықталуда.
Әкесінің дін аман табылғанына қуанған баласы полиция қызметкерлеріне алғысын білдірді: «Әкеміз үйден шығып кетіп, содан оралмады. Адам емдеумен айналысатын әкем, бұған дейін де бірнеше рет өзге қалаларға адам қарауға кетіп жүретін. Бұл жолы ұзақ уақытқа жоқ болғасын, одан өзіміз хабарсыз қалғасын, қатты қорқып кеттік. Десекте полиция қызметкерлеріне хабар беріп, олар 1 тәулік ішінде әкемді тауып берді. Алғысым шексіз!».
Тәртіп сақшылары жақындарыңыз немесе туыстарыңыз адасып, жоғалған жағдайда тез арада «102» телефонына хабарласыңыздар деп кеңес береді.

Ұқсас ақпараттар

ИНФРАҚҰРЫЛЫМ МӘСЕЛЕСІ ТАЛҚЫЛАНҒАН АРНАЙЫ ЖИЫН ӨТТІ

smarttop

Полицейлер жанармай құю бекетінің мүліктерін ұрлап кеткен күдіктіні ұстады

smarttop

«ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДА БЕЙБІТ ЖИНАЛЫСТАРДЫ ҰЙЫМДАСТЫРУ ЖӘНЕ ӨТКІЗУ ТӘРТІБІ ТУРАЛЫ» ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ 2020 ЖЫЛҒЫ 25 МАМЫРДАҒЫ № 333-VІ ЗАҢЫН (БҰДАН ӘРІ — ЗАҢ) ТҮСІНДІРУ

smarttop

Пікір қалдыру