3.3 C
Шымкент
Пятница, 22 ноября, 2024
Smarttop.kz

ТҰРҒЫНДАРЫНЫҢ ӨТІНІШІ ДЕР КЕЗІНДЕ ШЕШІЛУІ ТИІС

«Шымкент-Ташкент» тас жолының бойында машиналар әрілі-берілі сапырылысып жатады. Қапталындағы аяқ жолдарда жаяу жүргіншілер де көп. Қала әкімі Мұрат Әйтеновпен кездескен «Арғымақ» шағын ауданының тұрғындары ауылға кіре берістегі туындаған мәселелерді ортаға салды. Шешілуін сұрады.

Өтініш жерде қалған жоқ. Кездесуде Мұрат Дүйсенбекұлы Абай ауданының әкімі мен тиісті сала басшысына Шымкент-Ташкент бағытынан «Арғымақ» шағын ауданына кіріп-шығу, жол белгілерін орнату және жолақтарын қайта сызу мәселелеріне зерделеу жұмыстарын жүргізіп, ұсыныс енгізсін деп тапсырма берді.

Тапсырма орындалды. Бүгінде Шымкент-Ташкент бағытынан «Арғымақ» шағын ауданына кіру-шығу жол белгілерін және жол сызықтары «Южный Конкурент» ЖШС тарапынан жүргізілді.

Сонымен қатар, Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов әр тоқсан сайын халықпен тұрақты түрде кездесіп, тұрғындардың талап-тілектерін тыңдап келеді. Есеп беру кездесулерінде қозғалған барлық мәселелер бақылауға алынып, мүмкіндігінше жедел түрде шешіліп жатыр.

Қаратау ауданының тұрғындарымен кездесу барысында Бозарық тұрғын алабы мен саяжайына қатынайтын қоғамдық көліктердің мәселесі қозғалған болатын. М.Әйтенов аудан әкімдігі мен тиісті басқармаға қоғамдық көліктің бағытын әзірлеу барысында тұрғындардың талабын ескеру туралы нақты тапсырма берді.

Үшінші мегаполисте қала орталығынан шалғай орналасқан білім беру мекемелерінің жанында қауіпсіздікті сақтау бойынша бірқатар жұмыс атқарылды. Бозарық тұрғын алабы мен Бозарық саяжайында орналасқан білім беру мекемелерінің қасынан өтетін жолдың бойында Қаратау аудандық әкімдігі мен полиция департаментінің мамандары қауіпсіздік белгілерін, жылдамдық кедергісін орнатты, жаяу жүргіншілер жолағын сызды.

Бүгінде қала әкімінің бұл тапсырмасы толығымен орындалған. Тиісті мекемелер зерделеу жұмыстарын жүргізіп, 171 және 171А бағыттарында автобустардың жеткіліксіз екенін анықтаған. Нәтижесінде аталған бағыттардың әрқайсысына бір-бір автобустан қосылды. Қазір бұл бағыттағы қоғамдық көліктің қатынау жиілігі 18-20  минутты құрайды

Ұқсас ақпараттар

ЗАҢСЫЗ ОЙЫН БИЗНЕСІНЕ ТОСҚАУЫЛ: ҚАЗАҚСТАНДА 600-ДЕН АСТАМ САЙТ ПЕН ӘЛЕУМЕТТІК ПАРАҚША ЖАБЫЛДЫ

smarttop

В Шымкент приехали солдаты из Атырау

smarttop

ҰЛАҒАТТЫ ҰСТАЗДАРҒА ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛДІ

smarttop

Пікір қалдыру