29.3 C
Шымкент
Суббота, 7 июня, 2025
Smarttop.kz

Электрондық төлем жүйесі

2021 жылы Шымкент қаласындағы қоғамдық көліктерде «Төлем» электрондық билеттендіру жүйесі ендірілді. Бұл жүйенің артықшылығы — төлемдердің ашықтығын, тасымалдаушылардың кірістілігін және қалалық бюджетке салық түсімдерін арттыруға мүмкіндік береді.           Сондай-ақ, жергілікті атқарушы органдардың әлеуметтік маңызы бар тасымалдарды ұтымды субсидиялауына мүмкіндік беріп, көлік жүйесінің бюджетін қалыптастыруға таптырмас құрал болып табылады.

Жүйе жеке инвестиция есебінен іске асырылды, жүйенің операторы «QazSmartTrans» ЖШС-гі.

Ал қоғамдық көлік жүйесіндегі реформа бойынша автобустар мобильді қосымша арқылы ба­қылауға алынып, жол ақысын электронды төлеуге мүмкіндік тумақ. Сонымен қатар жаңа бағыттар ашылып, цифрлы және интеллектуалды жүйе енгізіледі. Жаңа жүйе бойынша қоғамдық көліктердің жұмысы жақсарып, тиімділігі артпақ. Аталған кон­цепция тұрғындардың қауіп­сіздігін қамтамасыз етуге де үлкен септігін тигізбек. Енді жүргі­зушілер арнайы курстардан өтіп, кондукторлардың қызметі қатаң тексерілетін болады, – дейді Мақсұт Пернебайұлы.

Қазіргі таңда, сатылған көлік карталарының саны 310 мыңнан асады, Қаламызда өтінімдерді қабылдау және көлік карталарын беру бойынша 2 офис жұмыс істейді. Күнделікті транзакциялар саны 300 мыңды құрап отыр, оның ішінде  транзакциялардың 90%  көлік карталарымен төленеді.

Қалалық автобус тасымалдау жұмысының негізгі көрсеткіштеріне  жүргізілген талдауына сәйкес,  2019 жылдың 10 айында  жолаушыларды автобуспен тасымалдауынан түскен табысы 2 780,8 млн. тг және   тасымалданған жолаушылардың саны 1 140 654 мың  адамды құрады. Ал ағымдағы жылдың 10 айындағы табысы 4 270,9 млн.тг, жолаушылар саны 264 431,4 мың адам құрайды. Яғни, төлем жүйесі енгізілгелі бері жолаушыларды тасымалдау саласындағы табыстардың ашықтығы қамтамасыз етілді және нақты табыстардың артқанын көрсетуде.

Ұқсас ақпараттар

Құрметті,Түркістан облысының 5-сынып оқушылары!

smarttop

ТҮРКІСТАН: ЖАЙЛЫ МЕКТЕПТЕРДЕ ТОЛЫҚ ОТАНДЫҚ ЖИҺАЗ ҚОЛДАНЫЛАДЫ

smarttop

«Мигрант» жедел-профилактикалық іс-шарасы кезінде елге заңсыз кірген шетелдік азамат ұсталды

smarttop

Пікір қалдыру