4.3 C
Шымкент
Понедельник, 25 ноября, 2024
Smarttop.kz

ЖАСТАР БАҒДАРЛАМАСЫ БОЙЫНША ТҰРҒЫНДАРҒА ТҮСІНДІРМЕ ЖҰМЫСТАР ЖҮРГІЗІЛДІ

Жастар бағдарламасы бойынша қатысушыларға қойылатын басты талаптар:

— жасы 29 жасқа толмаған жұмыс істейтін жас болуы тиіс;

— өтінім берушінің соңғы 2 жылда Қазақстан Республикасы аумағында иелігінде  тұрғын үй тіркелмеуі;

— Шымкент қаласында соңғы 2 жылда тұрақты тіркеуде болуы сонымен қатар  ай сайынғы табысы 40 АЕК (122 520 теңгеден)  асуы шарт.

Жұмыс істейтін жастар бағдарламасына қатысу үшін қажетті құжаттар тізімі:

     білімі туралы құжаттың көшірмесі;

     жұмыс орнынан анықтама;

     өтініш берушінің ай сайынғы табысын кемінде 40 (қырық) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде растайтын соңғы алты ай ішіндегі табысы туралы анықтама;

     Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің 35-бабына сәйкес еңбек өтілін растайтын заң жүзінде көрсетілген құжаттар (еңбек кітапшасы, аударылған міндетті зейнетақы жарналары туралы бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан үзінді көшірмелер);

     банктік шоттың болуы және нөмірі туралы анықтама және банктік шот бойынша ақшаның қалдығы және қозғалысы туралы үзінді;

     өтініш берушінің түрлі қызмет салаларындағы жеке жетістіктерін растайтын құжаттар (бар болса).

Бағдарламаға қатысушылар «kezekte.kz» электронды порталында    ЭЦҚ (электронды цифрлық қолтаңбасы )  арқылы өтініш бере алады.

Балдарды есептеу балдық жүйе бойынша жүзеге асырылады:

1) Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 13 қарашадағы № 746 қаулысымен бекітілген Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017 — 2021 жылдарға арналған «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасына сәйкес халықты жұмыспен қамту мәселелері бойынша уәкілетті орган бекіткен нарықта 100 (жүз) сұранысқа ие кәсіптер тізбесіне сәйкес кәсіпті меңгерген өтініш берушіге -10 балл;

2) отбасы болған жағдайда — 5 балл, некеде тіркелген әрбір жылы үшін — 2 балл;

3) 1 (бір) бала болған жағдайда — 1 балл, әрбір кейінгі бала үшін — 2 балл;

4) жеке кәсіпкерлік қызметті жүзеге асырған кезде кемінде 1 жыл — 5 балл, әрбір жыл үшін — 1 балл;

5) өтініш берушінің түрлі қызмет салаларында жеке жетістіктері болған жағдайда — 2 балл;

6) бюджеттік ұйымдардағы еңбек қызметі үшін (мемлекеттік мекемелерде мен мемлекеттік кәсіпорындарда) — 5 балл, өтілінің әрбір жылы үшін — 1 балл;

7) екінші деңгейлі банктердің жинақ шоттарындағы (депозиттеріндегі) жинақтардың әрбір жылы үшін — 2 балл.

Ұқсас ақпараттар

ҚАЛА ӘКІМІ БІРНЕШЕ ҚҰРЫЛЫС НЫСАНДАРЫН АРАЛАДЫ

smarttop

ДӘСТҮРЛІ ӨНЕР БАЙҚАУЫНЫҢ ЖЕҢІМПАЗДАРЫ МАРАПАТТАЛДЫ

smarttop

ТҮРКІСТАНДА МӘДЕНИ МҰРАЛАРДЫ САҚТАУ ЖӨНІНДЕ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ КОНФЕРЕНЦИЯ ӨТТІ

smarttop

Пікір қалдыру